10 Шілде, 2012

Карякин – тұңғыш чемпион

292 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Карякин – тұңғыш чемпион

Сейсенбі, 10 шілде 2012 7:26

Астанада тұңғыш рет жылдам шахмат және блицтен өтіп жатқан әлемдікбәсекелердің алғашқы чемпионы анықталды.

8 шілде күні рапид бойынша өткен соңғы турда Игорь Курносовпен теңбе-тең ойнаған Сергей Карякин жедел шах­­маттан әлем чемпионы атанды. Екін­ші орынды  Магнус Карлсен, ал үшінші орынды Веселин Топалов иеленді.

Жарыстан соң Сергей Карякин мен жүлде­гер­лер чемпионат кезінде қар­сыластарының өте мық­ты  болғанын атап өтті. Карякин әлем чемпионатта­ры­ның  ұйым­дастырылуына жоғары баға бере келіп, қалада серуендеуге уақыт болмаса да, Астананың ұнаға­нын, қазақ халқына қонақжай­лылығы үшін алғыс білдірді. «Мен үшін залдағы бәсекелестік рух жақын. Соңғы мәреде жеңіске жеткеніммен, қарсылас­тар өте мықты болды», – деді жылдам шахмат бойынша тұңғыш әлем чемпионы.

Магнус Карлсен «рапид патшасы» болуға кедергі жасаған қателерден са­бақ алатынын, Веселин Топалов жалпы нәтижеге разы екенін, ал кейбір пар­тия­­ларға көңілі толмағанын жеткізді.

Енді рапидтен жеңімпаз атан­ған мен жүлдегерлер блиц бойынша әлем чемпионы атағы үшін бақ сынасады.

Осы күндері Астана төрінде жер жү­зінің мықты гроссмейс­терлерінің қаты­суы­мен өтіп жат­қан әлем чемпионаттары бүкіл әлемнің назарын өзіне аудартуда. Қазір жарыстарды Алматы, Павлодар, Қарағандыдан келген шахмат әуес­қойлары сияқты  елімізде іссапармен жүрген ресейліктер де тамашалауда.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».