«Азия балалары»: Жеті алтын жүлде
Сәрсенбі, 11 шілде 2012 7:18
Осы күндері Саха РеспубликасыныңЯкутск, Мирный және Нерюнгриқалаларында «Азия балалары» аттыV халықаралық спорттық ойындарөтуде. Оған 27 елден келген 2000спортшы бақ сынасуда. Қазақстаннанбарған 80 жас спортшы жарысбағдарламасындағы 20 ойын түрінің 15-іне қатысуда.Ойындар 15 шілдеге дейін жалғасады.
Сәрсенбі, 11 шілде 2012 7:18
Осы күндері Саха РеспубликасыныңЯкутск, Мирный және Нерюнгриқалаларында «Азия балалары» аттыV халықаралық спорттық ойындарөтуде. Оған 27 елден келген 2000спортшы бақ сынасуда. Қазақстаннанбарған 80 жас спортшы жарысбағдарламасындағы 20 ойын түрінің 15-іне қатысуда.Ойындар 15 шілдеге дейін жалғасады.
Қазақстан делегациясы 140 жолаушымен 4 шілде күні таңда Алматы-Абакан-Якутск чартерлік сапарымен ұшып келді. Қазақстандықтарды қалыптасқан дәстүр бойынша ән-би, нан-тұзбен және қымызбен қарсы алды.
Саха Республикасында 500-ден аса қазақ диаспорасы тұрады екен, олар ұлттық дәстүрді ұстанады. Қымызды да дайындаған осы қандастарымыз болса керек. Қазақ диаспорасы әрқашан біздің спортшыларды қолдауда белсенділік танытады. Осы төрт жылдықтағы ойындардан да олар тысқары қалған емес.
Сайыстың бірінші күнін самбо күресі бастады. Бұл бастау елімізден барған делегация үшін таңғаларлық жаңалыққа толы болды: 3 самбошының үшеуі де финалға жолдама алды. Қуаныш иелері – 42 кг. салмақтағы Сұңғат Жұбатқан, 48 кг. салмақтағы Парасат Жұмабай және 56 кг. салмақ дәрежесі бойынша Серікбай Нығмет.
Қазақстан құрамасы жанкүйерлері «Қазақстан! Қазақстан!» деген ұранмен залды гулетті. Біздікілер осы сенімді ақтай алды. Бірінші болып Сұңғат Жұбатқан алаңға шықты. Оның қарсыласы Қорған қаласының (Ресей) өкілі Савелий Плеханов. Ол да осал емес. Дегенмен, жеңіс отандасымызға бұйырды. Сәл ғана басымдықпен белдесуді Сұңғат Жұбатқан жеңді. Ол – Қазақстан Республикасынан барған V «Азия балалары» ХСО-ның алғашқы жеңімпазы.
Келесі болып сайыс алаңына бет алған 48 кг. салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Парасат Жұмабай Алтай өңірінен келген Амыр Чадинмен күш сынасты. Алайда, сәттілік Ресей спортшысының жағында болды. Үшінші болып «Жеңіске 50 жыл» спорт сарайының жарыс алаңына салмақтары 56 килодан аспайтын самбошылар шықты. Осы ойында жерлесіміз Серікбай Нығметке Ресей Федерациясының Свердлов облысынан келген Евгений Новоселовпен бәсекеге түсу бұйырыпты. Десек те, біздің Серікбай ауыртпа тәсілмен еш қиындықсыз қарсыласын жеңіп, алтынды мойнына ілді. Жалпы, ойында самбо бойынша 11 команда бақ сынасты.
Сонымен, ойынның алғашқы күнінде-ақ біздің құраманың еншісіне 2 алтын, 1 күміс медаль бұйырды. Қазақстандық делегация үшін бұл құтты бастама! 2008 жылы өткен жарыста біздің құрама жалпыкомандалық екінші орын алған болатын.
Ал арғы күні еркін күрестен Нұржан Сейітжанов чемпион атанды. Нұржан финалда иран балуанын тізерлетті. Сонымен қатар, қыздар күресінде Марина Седнева күміс медальға ие болды.
Биыл Ойындардың бағдарламасына тұңғыш рет енген пауэрлифтинг спортынан павлодарлық Игорь Борингин күміс жүлдені иеленді. Көркем гимнастикадан көпсайыс қорытындысы бойынша Әлия Әсемова қола жүлдегер атанды. Бұдан басқа спортшыларымыз тағы төрт алтын, бір күміс, төрт қола жүлде иеленді.
Жалпы, командалық есепте Қазақстанның балғын спортшылары жарыс қожайындары Саха Республикасына ғана жол беріп, екінші орында тұр. Қазақстан құрамасының қоржынында 7 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль бар.
Осы жерде айтатын нәрсе, 2009 жылы осы сында алтын жүлде алған қазақстандық таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев биыл Лондон Олимпиадасында өнер көрсетеді. Демек, «Азия балаларын» балғын спортшыларды жеңіске жетелейтін турнир деуге болады.
Техникалық қорытынды жөнінде мына сайттар бойынша ақпарат ала аласыздар: www.gamesasia.ru және www.yakutsk2012.ru
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».