13 Шілде, 2012

Патриоттық акция

330 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Патриоттық акция

Жұма, 13 шілде 2012 7:15

Оралда Лондонға баратын спортшылар құрметіне арналып, Олимпиада алауы тұтанды

Қаламыздағы әсем безендірілген П.Атоян атындағы «Ақжайық» стадионында  мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына орай және Лондон Олимпиадасына қатысушы батысқазақстандық спортшыларға ақ жол тілеу мақсатында патриоттық акция өтті. 

 

 

Жұма, 13 шілде 2012 7:15

 

Оралда Лондонға баратын спортшылар құрметіне арналып, Олимпиада алауы тұтанды

 

Қаламыздағы әсем безендірілген П.Атоян атындағы «Ақжайық» стадионында  мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына орай және Лондон Олимпиадасына қатысушы батысқазақстандық спортшыларға ақ жол тілеу мақсатында патриоттық акция өтті. 

Акцияның құрметті қонақтары болып, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпиондары желаяқ Ольга Шишигина мен боксшы Ермахан Ыбырайымов төрге озды.

– Төрткүл дүние телміріп көз тігетін бұл жолғы мерейтойлы Олимпиадаға қатысушылар, әри­не, мықты спортшылар. Осы шараға қатысу барысында олар оттан да, судан да өткендіктен, біз олардың толағай табыстарға қол жеткізетіндеріне сенеміз, – деген облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы оларға ақ жол тіледі.

– Құрметті халайық, көп ке­шікпей біз Оралға қайтып келеміз. Бірақ, ол жолы ба­тысқазақ­стандық Олимпиада чемпиондарын құттық­тауға ке­ле­міз, – деді, тәуелсіз Қазақ­стан тұсында әйел­дер арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина.

– Батыс Қазақстан облысында спорттың барлық түрінің ойда­ғы­дай дамуына мол мүмкіндіктер жа­салған. Оралдан Лондон Олим­­пиа­дасына қатысатын спортшы­лардың шығуы – соның нәтижесі. Біз олар­ға жасындай жарқыраған жеңістер тілейміз, –  деді өз сөзінде атақты боксшы Ермахан Ыбырайымов.

Бұдан соң сахна төріне спорт ардагері Батырхайыр Әйешов шы­ғып, қолын жайып, Олим­пиадаға қатысушы батысқазақ­стандық спортшыларға бата бер­ді. Сол-ақ екен, ортаға құйрық-жалы жел ескен ақбозат мінген ат спортының өкілі Рауан Тұрды­алиев қолына Олимпиада алауын ұстай шығып, оны әлем чем­пионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, самбошы Медет Оңдағановқа табыстады. Медет өз кезегінде алауды дзюдо күресінен Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Әсел Қазиеваға берді. Жүзі бал-бұл жанған ол жүгір­геннен жүгіріп отырып, алауды Ерболат Байбатыровқа ұсынды.

Самбо күресінен үш дүркін Азия чемпионы, екі дүркін Әлем кубогының иегері, төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров Олимпиада алауын тұтатты.

Орал қаласынан Лондон Олим­пиадасына қатысу бақы­тына ие болған спортшылар: Таймұраз Тигиев, Абдулхаким Шапиев (екеуі де еркін күрестен), Алексей Дергунов (байдарка және каноэ есу), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі), Григорий Шейко (спорттық жаяу жүріс), Анастасия Баннова (садақ ату).

Талғат БАЙСАРИН.

Орал.