17 Шілде, 2012

Жүлде алған жампоздар

418 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Жүлде алған жампоздар

Сейсенбі, 17 шілде 2012 7:29

 

Олимпиадаға 10 күн қалды

Біздің еліміз Тәуелсіздік алған кезден бері бес Олимпия ойындарына қатысып, барлығынан жүлдесіз қайтып көрген емес. Көптеген саңлақтарымыз құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрініп, Әнұранымызды асқақтатып, көк байрағымызды желбіретті. Қазір санап отырсақ, спортшыларымыз әлем чемпионаттары, құрлықтық біріншіліктер мен Азия ойындарын қоспағанда, Олимпиадада 44 медаль, оның ішінде 10 алтын, 18 күміс және 16 қола жүлдеге ие болды. Бұл біздің 20 жылда етек-жеңімізді жинап, дербес ел болған жас мемлекетіміз үшін аз жетістік емес.

 

Сейсенбі, 17 шілде 2012 7:29

Олимпиадаға 10 күн қалды

Біздің еліміз Тәуелсіздік алған кезден бері бес Олимпия ойындарына қатысып, барлығынан жүлдесіз қайтып көрген емес. Көптеген саңлақтарымыз құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрініп, Әнұранымызды асқақтатып, көк байрағымызды желбіретті. Қазір санап отырсақ, спортшыларымыз әлем чемпионаттары, құрлықтық біріншіліктер мен Азия ойындарын қоспағанда, Олимпиадада 44 медаль, оның ішінде 10 алтын, 18 күміс және 16 қола жүлдеге ие болды. Бұл біздің 20 жылда етек-жеңімізді жинап, дербес ел болған жас мемлекетіміз үшін аз жетістік емес.

Енді, міне, төрт жылды тағы да артқа тастап, Лондон Олимпиадасын қарсы алғалы отырмыз. Биылғы меже бұрынғыдан да өзгеше. 2008 жылы 2 алтын алсақ, биыл одан да көп алтынға қол жеткіземіз деген үміттеміз.

Біз өткен Олимпия ойындарының тарихына қайта бір көз жүгіртіп, Олимпиадада кім, қашан, қандай медаль алғанын және еліміздің тәуелсіздік алған кезден бері қатысқан 5 Олимпия ойындарында командалык есепте, қай жылы нешінші орындарды иеленгенін жариялауды жөн көріп отырмыз.

Барселона Олимпиадасы, 1992 жыл.

Аты-жөні Медаль түрі Спорт түрі
1 Ирина Герлиц Алтын Баскетбол
2 Елена Чебукина Күміс Волейбол
3 Татьяна Меньшова Күміс Волейбол
4 Дәулет Тұрлыханов Қола Грек-рим күресі
5 Владимир Вохмянин Қола Нысана көздеу

Атланта Олимпиадасы, 1996 жыл.

Аты-жөні    

Медаль түрі    

Спорт түрі

1 Василий Жиров Алтын Бокс
2 Юрий Мельниченко Алтын Грек-рим күресі
3 Александр Парыгин Алтын Бессайыс
4 Болат Жұмаділов Күміс Бокс
5 Анатолий Храпатый Күміс Ауыр атлетика
6 Сергей Беляев Күміс Нысана көздеу
7 Сергей Беляев Күміс Нысана көздеу
8 Ермахан Ыбырайымов Қола Бокс
9 Болат Ниязымбетов Қола Бокс
10 Мәулен Мамыров Қола Еркін күрес
11 Владимир Вохмянин Қола Нысана көздеу


Сидней Олимпиадасы, 2000 жыл.

Аты-жөні     Медаль түрі     Спорт түрі
1 Ермахан Ыбырайымов     Алтын Бокс
2 Бекзат Саттарханов     Алтын Бокс
3 Ольга Шишигина     Алтын Жеңіл атлетика
4 Болат Жұмаділов     Күміс Бокс
5 Мұхтархан Ділдәбеков Күміс Бокс
6 Ислам Байрамуков     Күміс Еркін күрес
7 Александр Винокуров Күміс Велоспорт

Афина Олимпиадасы, 2004 жыл.

Аты-жөні    

Медаль түрі    

Спорт түрі

1 Бақтияр Артаев Алтын Бокс
2 Геннадий Головкин Күміс Бокс
3 Сергей Филимонов Күміс Ауыр атлетика
4 Георгий Цурцумия Күміс Грек-рим күресі
5 Геннадий Лалиев Күміс Еркін күрес
6 Серік Елеуов Қола Бокс
7 Дмитрий Карпов Қола Онсайыс
8 Мкхитар Манукян Қола Грек-рим күресі

Бейжің Олимпиадасы, 2008 жыл.

Аты-жөні Медаль түрі Спорт түрі
1 Бақыт Сәрсекбаев Алтын Бокс
2 Илья Ильин Алтын Ауыр атлетика
3 Асқат Жіткеев Күміс Дзюдо
4 Таймұраз Тигиев Күміс Еркін күрес
5 Ирина Некрасова Күміс Ауыр атлетика
6 Алла Важенина Күміс Ауыр атлетика
7 Нұрбақыт Теңізбаев Қола Грек-рим күресі
8 Әсет Мәмбетов Қола Грек-рим күресі
9 Еркебұлан Шынәлиев Қола Бокс
10 Арман Шылманов Қола Таэквондо
11 Марид Муталимов Қола Еркін күрес
12 Елена Шалыгина Қола Қыздар күресі
13 Мария Грабовецкая Қола Ауыр атлетика

Олимпиялық спорт түрлерінен

Тә­уел­сіздіктен кейінгіжалпы 5 Олимпиадада еліміздің спортшылары жүлде ал­ған

13 спорт түрі

1. Бокс – 5 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль:

5 алтын –  Василий Жиров – Атланта-1996, 81 кг; Бекзат Саттарханов – Сидней-2000, 57 кг; Ермахан Ыбы­райымов – Сидней-2000, 71 кг; Бақтияр Артаев – Афина-2004, 69 кг; Бақыт Сәрсекбаев – Бейжің-2008, 69 кг.

4 күміс – Болат Жұмаділов – Атланта-1996, 51 кг; Болат Жұмаділов – Сидней-2000, 51 кг; Мұхтархан Ділдәбеков – Сидней-2000, +91 кг; Геннадий Головкин – Афина-2004, 75 кг.

5 қола – Болат Ниязымбетов – Атланта-1996, 63,5 кг; Ермахан Ыбырайымов – Атланта-1996, 71 кг; Серік Елеуов – Афи­­на-2004, 60 кг; Еркебұлан Шынәлиев – Бейжің-2008, 69 кг.

2. Ауыр атлетика – 1 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль:

1 алтын – Илья Ильин – Бейжің-2008, 94 кг;

4 күміс – Анатолий Храпатый – Атланта-1996, 90 кг; Сергей Филимонов – Афина-2004, 77 кг; Ирина Некрасова – Бейжің-2008, 63 кг; Алла Важенина – Бейжің-2008, 75 кг.

1 қола – Мария Грабовецкая – Бейжің-2008, +75 кг.

3. Грек-рим күресі – 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль:

1 алтын – Юрий Мельниченко – Атланта-1996, 57 кг;

1 күміс – Георгий Цурцумия – Афина-2004, 120 кг;

4 қола – Дәулет Тұрлыханов – Барселона-1992, 82 кг: Мкхитар Манукян – Афина-2004, 66 кг; Нұрбақыт Теңіз­баев – Бейжің-2008, 60 кг; Әсет Мәмбетов – Бейжің-2008, 96 кг.

4. Еркін күрес – 3 күміс, 2 қола медаль:

3 күміс – Ислам Байрамуков – Сидней-2000, 97 кг; Геннадий Лалиев – Афина-2004, 74 кг; Таймұраз Тигиев – Бейжің-2008, 96 кг.

2 қола – Мәулен Мамыров – Атланта-1996, 52 кг; Марид Муталимов – Бейжің-2008, 120 кг.

5. Әйелдер күресі – 1 қола медаль:

1 қола – Елена Шалыгина – Бейжің-2008, 63 кг.

6. Дзюдо – 1 күміс:

1 күміс – Асхат Жіткеев – Бейжің-2008, 100 кг.

7. Жеңіл атлетика – 1 алтын, 1 қола медаль:

1 алтын – Ольга Шишигина – Сидней-2000, 100 м к/ж;

1 қола – Дмитрий Карпов – Афина-2004, онсайыс.

8. Қазіргі бессайыс – 1 алтын медаль:

1 алтын – Александр Парыгин – Атланта-1996.

9. Баскетбол – 1 алтын медаль:

1 алтын – Ирина Герлиц – Барселона-1992.

 10. Волейбол – 2 күміс медаль:

2 күміс – Елена Чебукина – Барселона-1992; Татьяна Меньшова – Барселона-1992.

 11. Нысана көздеу – 2 күміс, 2 қола медаль:

2 күміс – Сергей Беляев – Атланта-1996, МВ-9; Сергей Беляев – Атланта-1996, МВ-6.

2 қола – Владимир Вохмянин – Барселона-1992, МП-8; Владимир Вохмянин – Атланта-1996, МП-8.

12. Велоспорт – 1 күміс медаль:

1 күміс – Александр Винокуров – Сидней-2000, 239,4.

13. Таэквондо – 1 қола медаль:

1 қола – Арман Шылманов – Бейжің-2008, +80 кг.