20 Шілде, 2012

Желаяқ бастаған отбасылық марафон

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Желаяқ бастаған отбасылық марафон

Жұма, 20 шілде 2012 7:26

Екібастұз – Баянауыл – Жасыбай көлі бағытына арналды

Бұл жаяу жарысты Екібастұз қаласының құрметті азаматы, Гиннестің рекордтар кітабына 7 рет енген спортшы Марат Жыланбаевтың бас­тамасымен қалалық білім бөлімі ұйым­дас­тырды. Әрине, екібастұздықтар Жыланбаевтай әлемге аты танылған желаяқтың өз қалаларында тұрып жатқанын мақтан етері сөзсіз.

Сонымен, жаяу жарыс қаладағы «Қайнар» бі­лім беру және бос уақытты қамту кешені ала­ңынан басталды. Марафоншылар жарысына 80-нен астам жаяу жүгіруші, 12 отбасы және «ЗЮВС» туристік клубының тәрбиеленушілері, мұғалімдер, оқушылар қатысты. Тіпті, олардың арасында ең жас марафоншылар – 4 жастағы Дәурен Масалим мен 6 жастағы Давид Урсаки да бар болып шықты. Жаяу жүгірушілер Екібас­тұздан Баянауылға дейінгі 135 шақырымды жүгіріп өтті. Таңғы сағат 7-де олар мәреге жетті.
Күннің аптап ыстығына қарамай өз ден­сау­­лық­­тарын шыңдап, саламатты өмір салатын қол­дайтын жаяу жүгірушілерге сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Бұл спортқа шыңдалу марафонына желаяқ, кәсіпкер Марат Жыланбаев, «Екібастұз» БҚ директоры Татьяна Шмидт, «НАР-ТРАНС» ЖШС бас директоры Ризван Цинаев, «Аверс» техникалық орталығының директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Сергей Лепехин, Элдар Абдинов демушілік қолдау көрсетті. Марафоншы отбасылары Жасыбай көлі жаға­сын­да демалып, көтерінкі көңіл-күймен үйге оралды.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы.