− Көліктік бақылау жүргізу кезінде көптеген тасымалдаушылардың тауар-көлік жүк құжаты болмай шығады. Мысалы, 2018 жылы 5 700 тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 188 млн теңге айыппұл салынды. Жауапкершіліктен қашу үшін жүк жөнелтушілер (кеніш иелері) инертті жүктер тиегенде тауар-көлік жүк құжатын көрсетпейді. Қазір бақылауды 3 стационарлық көлікті бақылау бекеті, 48 жылжымалы бекет жүзеге асырады. Бұдан бөлек жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына 12 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары орнатылды. 2018 жылы 12 515 көлік құралы тексеріліп, 4384 заң бұзушылық анықталды. Оларға 321 млн теңге айыппұл салынды», – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов.
«Қазжол ҒЗИ» АҚ президенті Бағдат Телтаевтың айтуынша, еліміздегі негізгі жолдар 10 тонналық салмаққа жобаланған. «Республикалық және жалпы пайдалануға берілген жергілікті жолдардың саны шамамен 100 мың шақырым дейтін болсақ, соның үштен екі бөлігі (67 пайызы) 10 тонна және одан да төмен білік күшіне есептеліп салынған. Егер жолға осы нормадан артық күш түсетін болса, онда ерте бұзылуы ықтимал. Егер бір ғана білік 15 тонна жүкпен өтетін болса, онда бір ғана біліктің жолға түсіретін салмағы алты автокөлікке тең. Елбасының тапсырмасымен қаншама миллиард теңгені жолдың сапасын көтеруге жұмсадық. Егер осы жолдағы автокөліктердің білігіне түсетін күш нормаға сай екенін қадағаламасақ, алдағы уақытта қолданыстағы жолдардан айырылып қалуымыз мүмкін», – деді ол.
Б.Телтаев сондай-ақ жақында ғана Қарағанды облысында асфальтқа батып қалған камаздардың жайына қатысты өткір сын айтып, бұл мәселеге қатысты шараларды заң аясында қатаңдату қажеттігін ескертті.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары А.Жүсіповтің айтуынша, биыл 1190 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Оның 480 шақырымы ресайклинг технологиясы бойынша, 250-і жолдың кедір-бұдырлы бедерін өңдеу, 48 шақырымы микросюрфейсинг технологиясы бойынша, 412-сіне жолға цемент бетон жабындыны жаңарту және жасарту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Күтіп-ұстау жұмыстарымен