Әлем • 22 Сәуір, 2019

Апта фотосы (14.04 – 21.04)

3014 реткөрсетілді

Өткен аптада әлемді дүр сілкіндірген бірқатар оқиға болды. Атап айтқанда, Париждегі «Нотр Дам» шіркеуі өртенді, Шри-Ланкада террористік шабуыл жасалды. «Егемен Қазақстан» өткен аптаның маңызды оқиғаларына фото шолу жасайды.

Париждегі «Нотр Дам» шіркеуі өртеніп, тарихи жәдігердің мұнарасы толықтай жанып кетті; 15 сәуір

Суретті түсірген: Thierry Mallet/AP



АҚШ-тағы гольф турнирінде Тайгер Вудс 18 рет «Шеберлер» турнирінде жеңіске жетіп, рекорд орнатты; 14 сәуір
Суретті түсірген: Lucy Nicholson/Reuters


Кашмир тұрғындары Үндістандағы сайлауға дауыс беруге кезек күтіп тұр. Елдегі парламенттік сайлау 11 сәуірде басталып, 7 кезеңге созылады. Қорытынды 23 мамырда анықталады; 18 сәуір
Суретті түсірген: Farooq Khan/EPA


WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джуллиан Ассанждың тұтқынға алынуына байланысты шеруге шыққандарды Эквадор полициясы күштеп ұстап жатыр; 19 сәуір

Суретті түсірген: Dolores Ochoa/AP



Украинадағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен әртіс Владимир Зеленскийдің кәмпиттерден жасалған портреті; 19 сәуір, Ресей.

Суретті түсірген: Dmitri Lovetsky / AP



21 сәуірде христиан дінін ұстанатындар Пасха мерекесін тойлады. Суретте мерекеге дайындық сәтінен; 18 сәуір. 

Суретті түсірген: Serhii Hudak / Barcroft Media via Getty



АҚШ-тың Калифорния штатында әлемдегі қанаты ең ұзын ұшақ тұңғыш рет көкке көтерілді. Миллиардер Пол Алленнің бастамасымен жүзеге асқан бұл Stratolaunch деп аталатын жоба ғарышқа шағын жер серіктерін шығаруға арналған. 
Суретті түсірген: Matt Hartman / AP


АҚШ-тың арнайы елшісі Роберт Мюллердің 4 беттік баяндамасын суретке түсіріп жатқан фото тілшілер. АҚШ, 18 сәуір

Суретті түсірген: Cliff Owen / AP



Шри-Ланкада шіркеу мен қонақ үйде жарылыс болып, 300-ге жуық адам қаза тапты. 

Суретті түсірген: Dinuka Liyanawatte/Reuters


«Алматы марафоны» өзге елдерден келген қатысушылардың саны бойынша рекорд орнатты. Шараға Ресей, Өзбекстан, Қытай, Канада, Швеция мен Кения елдерінен келген спортшылар қатысты
Сурет: www.tengrinews.kz

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар