Осы құжатқа сәйкес, тараптар Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобаларын жүзеге асыру саласында ынтымақтасуға және осы жобаларға корей инвесторларын тартуға жәрдемдесуді көздеп отыр. 800 млн АҚШ долларын құрайтын төрт нысан қарастырылады деп жоспарлануда.
Атап айтқанда, корей инвесторлары Түркістан облыстық тас жолын, 300 төсектік көпсалалы аурухананы салу, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 1265 төсектік бірыңғай университеттік ауруханасын, сондай-ақ Қарағанды қаласында 300 төсектік университеттік клиника құру секілді концессиялық жобаларға қызығушылық танытты.
Бұдан басқа, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корей технологияларды дамыту институтымен (KIAT) бірлесіп екі елдің өзара пайдасы үшін қажетті технологиялық саладағы күш-жігерді біріктіруді жоспарлап отыр.
Аталған бизнес-форум аясында Айдар Әріпханов пен KIAT президентінің міндетін атқарушы Чанмин Хан (Changmin Han) мырза тиісті меморандумға қол қойды. Тараптар өнеркәсіптік технологиялар саласындағы инвестициялық жобаларды анықтау және дамыту мақсатында өзара қызығушылық танытатын салаларды зерттеуге ниетті.