Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Қарағанды облысында биыл мың шақырым жол жөнделеді

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қарағанды өңірінде облыстық және республикалық маңызы бар 1000 шақырымнан астам жол жөнделеді.

Қарағанды облысында биыл  мың шақырым жол жөнделеді

Жөндеу жұмыстары барысында ең бірінші кезекте сапаға ерекше назар аударылмақшы. Бұл іске жұртшылық өкілдері мен жергілікті депутаттарды да жұмылдыру көзделген.

Сонымен қатар, жұмыс сапасын жаңа ведомство – жол активтері сапасының ұлттық орталығы қадағалайды. Ұйымның штатында 25 қызметкер бар. Олар күн сайын асфальт төсейтін учаскелерге барып, материал сынамасын алып, технологиялық нормалардың сақталуын қадағалайтын болады.

Қарағанды облысы