Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Талдықорғанда қазақстандық мәдениетті жаһанға танытуға арналған конференция өтуде

525 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласында «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті жаһандық әлемге ілгерілету» деген атаумен І-халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысы басталды.

Талдықорғанда қазақстандық мәдениетті жаһанға танытуға арналған конференция өтуде

Үш бойы Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында қазақ тарихы мен мәдениеті жайлы сүбелі сөз қозғалатын конференцияға Франция, Армения, Қырғызстан, Польша сияқты бірқатар елден ғалымдар келді. Халықаралық шараны еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» орталық жобалық кеңсесі және Алматы облысының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып отыр.

- Бұл конференция барысында жаһандық әлемдегі мәдени, көркем, әдеби, орындаушылық өнердің үздік үлгілерін танымал етудің және орталық және жергілікті деңгейде мәдени-демалыс саласын ұйымдастырудың негізгі тенденциялары мен үздік әлемдік тәжірибелерін талқылайды, деді бүгін шараның ашылуына қатысып, сөз сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов. 

Конференция жұмысына Сорбонн университетінің профессоры, Халықаралық ғылым және өнер институтының директоры, «Plastik Art & Science» Сорбонн баспа бағдарламасының директоры Ольга Кисселева,  актер, Халықаралық «HIGHFEST» өнер фестивалінің президенті, Метрополитан Лондон университетінің профессоры, доктор Артур Гукасян Қазақстан мен Қырғызстандағы мәдениет және ынтымақтастық мәселелері бойынша Франция Елшілігінің кеңесшісі Гийом Касперский, Белорусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, Германиядағы МАГО білім беруді ізгілендіру халықаралық академиясының толық мүшесі Ирина Малахова, драматург, театр сыншысы, «Thaetr - Dialogue» фестивалінің арт - директоры, «Nova Scena» кластерінің негізін қалаушы Томаш Киренчук спикерлік етпекші. Сондай-ақ, қатысушылар арасында еліміздің қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының, шығармашылық және ғылыми интеллигенцияның өкілдері, Президент әкімшілігінің, министрліктердің, «Рухани жаңғыру» жобалау кеңселерінің жауапты қызметкерлері қатысуда.