Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Ақтөбе облысының әкімі жылыжай жұмысымен танысты

717 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қала сыртында орналасқан бірнеше жылыжай нысандарын аралады. Қазіргі таңда қызанақ, қияр егумен айналысатын жылыжайлар өз өнімдерін ішкі нарыққа және көрші Ресей еліне тасымалдайды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе облысының әкімі жылыжай жұмысымен танысты

Жылыжай қожайындары өз өнімдерін көтерме бағада сатылып жатқанын жеткізді. «Гринхаус Қазақстан»  ЖШС, «Изет Грен Хаус»  ЖШС, «Ақтөбе Жылыжай» ЖШС-нің жұмыстарын аралаған облыс әкімі өнімнің сапалы әрі бағасы төмен  болуын  қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді. Себебі, тұрғындар осы көкөніс бағасына қатысты  мәселені жиі  көтереді.

«Өзімізден шығатын өнім ең алдымен өзіміздің нарықты қамтуы қажет. Тұрғындар тұтынатын өнімдеріміздің бағасы  шарықтамауы қажет»,-деді Оңдасын Оразалин.

Сондай-ақ, ол көкөністердің бағасын өз көзімен көруі үшін Ақтөбедегі бірнеше ірі сауда үйлеріне барды. Дүкендерді жоспардан тыс аралаған Оңдасын Оразалин  көкөністердің бағасын тексеріп көріп, қияр, қызанақ бағаларын тұрғындарға қолжетімді етуді тапсырды.