Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Елордада күн жылынады

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең қалада көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +13°С болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада күн жылынады

«Қазгидромет» синоптиктерінің хабарлауынша, ертең, 23 сәуірде көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +11+13°С құрайды. 

24 ақпанда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде +2+4С, күндіз +13+15°С көрсетеді. 

25 ақпанда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +11+13°С шамасында.