Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Қарағанды облысында 3 адам өрттен құтқарылды

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды облысында 3 адам өрттен құтқарылды

Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында болған өрт кезінде №25 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 3 адамның өмірін ажал аузынан құтқарып қалды.

Құтқару операциясы барысында лейтенант Ернұр Жұмажанның жасағы көзге түсті.  Жеке құрамның шұғыл іс-әрекетінің арқасында екінші қабаттағы өртке оранған пәтер ішінде қалып қойған үш адамды балкон арқылы құтқарып алу мүмкін болды.

Азаматтық қорғаныс лейтананты Ернұр Жұмажан әскери міндетті табысты орындап, жеке құрамға жетекшілік ету кезінде кәсіби біліктілік танытқаны үшін Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар қызметі басшысының алғыс хатымен марапатталды.