Осы орайда, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ғимаратында «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Азаматтардың күнделікті мәселелерін шешуге көмек көрсетуді және халықтың барлық топтарының мүдделерін қолдауды мақсат еткен жобаға түрлі мәселелер бойынша бірқатар өңір тұрғындары қатысып, көкейлеріндегі сауалдарын жолдады.
Қоғамдық қабылдауды партия облыстық және Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшелері Гүлдара Нұрымова, Бақытжан Сейіткәрімов, Гулам Умаров, Юрий Минаков және Жанар Бүркітбаевалар жүргізді. Қабылдауға 25 азамат келіп, оларға берген сауалдарына байланысты шешілу жолдары түсіндірілді. Нәтижесінде 2 өтініш оң шешімін тауып, жоба бойынша 3 нақты міндет айқындалды. Негізінен азаматтық алу, жұмысқа орналасу сияқты мәселелермен келген тұрғындардың мәселесі қоғамдық қабылдау барысында оң шешімін тапты. Сонымен қатар, бірқатар тұрғындар балаларын балабақшаға орналастыру мәселесі бойынша да нақты нәтижеге қол жеткізді. Ал, қабылдауды өткізушілер халықпен тиімді тығыз байланыс қалыптастыру арқылы азаматтардың түрлі мәселелерін шешуге қоғамның белсенді бөлігін тарту көзделуде екенін де айтты.
Жамбыл облысы