Әсіресе, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың жағдайына баса назар аударылып отыр. «Халыққа көмек» партиялық жобасы қабылданғалы жергілікті билік органдары мен саяси ұйымның облыстық филиалының өзара ықпалдастығы артып, кері байланыстың бірізді жүйесі қалыптаса бастады. Біз келген мәселені іскерлікпен ашық талқылауға әзірміз. Бұл орайда байланыс арналарын тиімді мүмкіндіктері мол», дейдіқабылдау бөлмесінің меңгерушісі Рүстем Әлібеков.
Бұл жолы Nur Otan партиясы жергілікті филиалына елуден астам адам қайрылып, өздерін толғантқан мәселелер төңірегінде ойларын ортаға салып, мұң-мұқтаждарымен бөлісті. Оларды кәсіпкерлер палатасының, облыстық, қалалық әкімдіктің, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері қабылдап, отбасылық жағдайларымен жіті танысып, өтініштерін мұқият тыңдады.
Алты баланың анасы Олеся Хромова 2007 жылдан бері баспана кезегінде тұрады екен. Әлі күнге дейін әлеумттік жәрдемақы тағайындамағанын қынжыла айтты. Мәселенің түп-тамырына үңіле келгенде оның ауылда тұратыны, ал тұрақты тіркеуі облыс орталығында екені мәлім болды. Оған тұрғылықты жері бойынша өтініш беруге кеңес берілді.
Петропавл қаласының тұрғыны Алена Капитонованың асырауында екі баласы бар. Пәтер жалдап тұратынын қинала жеткізді . Оған баспана кезегінде тұру үшін қажетті құжаттарды жинап, қалалық әкімдікке рәсімдеуге заңгер тегін көмек беретіні айтылды. Қоғамдық қабылдауға келген Әсел Әділшина, Елена Меншина,Қарлығаш Иманқұлованың өтініштері де сол жерде шешімін тапты.
Алдағы уақытта да бақылау-қадағалауды әлсіретпейміз. Атқарушы, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып жедел әрекет ету механизмін жетілдіре беретін боламыз. Бізге жолданған шағым бола ма, әлде қабылдауға келген адам бола ма, бірде-бірінің талаптары аяқсыз қалмайды. Сөз арасында адамдардың партиялық қолдауды терең сезіне бастағанын айрықша атап өткен жөн. Өзекті мәселелерді талқылауға салалық мамандар да тартылатын болады», филиалдың сарапшысы Динара Ауғанбаева.
Солтүстік Қазақстан облысы