Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

767 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданды тұрғыны Өмірбек Үсеновтің отбасында үшем дүниеге келді. Жас ана Кәмила Шынжанованың да, шақалақтардың да жағдайы жақсы. Үсеновтар отбасында үшемге дейін тағы екі перзенті бар.

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаеваның айтуынша, былтыр Сыр өңірінде 3 үшем, 132 егіз туған. Ал, биыл жылдың басынан бері 28 егіз шақалақ дүниеге келіпті.

Үсеновтер отбасының көз қуанышы болған үш қыз биылғы жылдың алғашқы үшемі екен.