Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

Партия жобасы мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғайды

764 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында Nur Otan партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында инклюзивті білім беруге бейімделген білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізілді.

Партия жобасы мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғайды

Инклюзивті білім беру бүгінгі таңда әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе. Бұл балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды талап етеді. Бұл бағытта елімізде инклюзивтік білім беруді 2020 жылға дейін 70% жеткізу жоспарлаған.

Облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы, мемлекттік органдар, облыстық мүгедектер қоғамы және салалық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін қамтыған сараптамалық топ жұмысының мақсат-міндетіне облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес түсінік берді.

- Жалпы, өңірде инклюзивті білім беруге бейімделген 112-балабақша, 148-мектеп, 18-кәсіптік техникалық колледждер бар. Оларда 79 мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер білім алып жатыр. Алайда, ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың арнайы мамандары жоқ орындарда білім алып, бағдарламаны игеру сапасы төмен болатындығы анық. Сондықтан, бағдарламаны игере алмау салдарынан соңғы кездері үйден білім алатын оқушылар саны көбейіп отыр. Сараптамалық топ жұмысының негізгі мақсаты аталмыш орындарындағы кемшіліктерді анықтап, мүмкіндігі шектелуі балғындарға кедергісіз орта қалыптастыру, олардың сапалы білім алуына жағдай жасау, қоғам назарын аударту, - деді ол.

Сараптамалық топ, қаладағы №5 «Шаттық» балабақшасы, М.Ә.Сужиков атындағы № 6 орта мектеп пен «Болашақ» медицина колледжіндегі жұмыстармен танысты.