«Менің президенттік өкілеттілігімді тоқтатуға қатысты үндеуім қазақстандықтар үшін күтпеген шешім болды. Кейбір адамдар бұл мәлімдемемді өкінішпен қарсы алды. Тіпті, маған түскен хаттардың ішінде президенттік сайлауға қайтадан түсуге ұсыныс жасап жатыр. Мен барлығына алғыс айтамын. Осы қобалжудың саяси астарын да түсініп отырмын. Адамдар болашақ үшін алаңдайды. Тұрақтылық пен тыныштықты қалайды. Ұлтаралық келісімнің сақталғанын тілейді. Халыққа ізгі ниеті үшін, махаббаты үшін, құрметі үшін басымды иіп, зор ризашылығымды білдіремін», деді Н.Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде.
Бұдан соң, Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының атынан президенттік сайлауға түсетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа толығымен сенетінін айтты.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барлық қазақстандықтардың тең құқықтары мен өзара достық саясатын сақтайтын адам екенін сенімді түрде айта аламын», деді Н.Назарбаев.