Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

Ақтауда «Көктем, гитара және мен» концерттік кеші өтті

931 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде «Русское землячество» орыс этномәдени бірлестігі ұйымдастырған гитара студиясының концерті өтті.

Ақтауда «Көктем, гитара және мен» концерттік кеші өтті

Студия жетекшісі Сергей Лобач көрермендерге ақтаулық жас гитаристердің өнерлерін ұсынды. Әртістердін ішіндегі ең жасы Диана Кушнерова, ол он жаста.
Студия оқушылары жеке нөмірлермен бірге гитара дуэттері және ансамбль қатарында өнер көрсетті.
Сахнада әртүрлі музыка орындалды - гитара пьесалары, жаңадан шыққан және белгілі сазгерлердің шыгармалары. Аудитория халықтық және классикалық әуендерді, танымал орындаушылардың репертуарынан рок-әуендерді және бидің де музыкасын тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Ал тәжірибелі әртістер гитараның денесіне қолдарын тигізетін «барабандар» дыбыстарын ерекше түрде шығаратын, соқпалы стильді тындаушыларға тарту етті.

Көрермен қауым әр гитаристің өнерің жылы пейілмен қабылдап, сахнадағы көріністен жақсы көңіл-күй көтеріп тарады.

- Біздің көпұлтты елімізде Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың ұлы идеяларын жүзеге асыру үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.
Өзіңіз көргендей, бүгінгі сахнада, біздің бай жеріміздің ұлт өкілдері өнер көрсетіп, түрлі тілдердегі әндер орындады. Мен Қазақстан халқы Ассамблеясына, президенттік сайлау қарсаныңда, осындай мерекелік іс-шара өткізуге мүмкіндік берген үшін алғысымды айтамын, деді Орыс этномәдени бірлестігінің төрайымы Зинаида Лиханова.
Сонымен бірге бүл салтанатты кешінде Асанәлі Көшеров, Серік Қайырғалиев, Рахфат Ізден, Хамит Байқұлов, Асылбек Құрманов, Марат Сафаров, Илона Алиева сияқты әртістер өнер көрсетті.