Спорт • 23 Сәуір, 2019

Асан Базаев: Біз Азияның алтыны үшін дайындалдық

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Велоспорттан Қазақстан ерлер командасы Ташкенттегі Азия чемпионатында жеңіске жетті. Olympic.kz сайтына сұхбат берген бас бапкер Асан Базаевтың айтуынша, спортшылар тек алтын медаль үшін жарыс жолына шыққан.

Асан Базаев: Біз Азияның алтыны үшін дайындалдық

«Біз командалық жарысқа дайындалдық. Команда сапында Азияның үздіктері жиналған. Жігіттер жарыс жолын бір деммен жүріп өтті. Бұрылыс кезінде біздің нәтиженің жақсы екенін білдік. Тап осындай көрсеткіш үшін келгенбіз», - дейді Базаев. 

Ал команданың жеңісіне үлес қосқан велошабандоз Артем Захаров команданың дайындығы жоғары болғанын жеткізді. 

«Барлығы да сәтті өтті. Ауа райының да көмегі көп. Ал жарыс жолы айтарлықтай қиын болған жоқ. Тек жел ғана сәл әсерін тигізген шығар. Қазіргі көңіл-күйіміз керемет. Команда толығымен дайын болды. Жеке мен үшін Ташкенттегі Азия чемпионаты аяқталды. Тығыз кестеге байланысты енді тректен өтетін екі жарысқа дайындаламын», - дейді Захаров.

Айта кетелік, Қазақстан командасы сапында Юрий Натаров, Жандос Бижігітов, Дмитрий Груздев, Артем Захаров, Евгений Гидич және Даниил Фоминых Азия чемпионы атанды. 

Ал қыздар командасының еншісінде күміс медаль бар. 

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025