Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

Алматыда әдеби «ОСКАР» сыйлығы табыс етілді

678 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы «МЕЛОМАН «GRAND» сауда желісінде «Алтын қалам» әдеби жүлдесі аясында әдеби кездесу өтті.

Алматыда  әдеби «ОСКАР»  сыйлығы табыс етілді

Шара барысында  «Алтын қалам 2018» байқауында «Жылдың үздік романы» атанып, Есенқұл Маманов атындағы бас жүлдені жеңіп алған Айдын Кәлімханның «Қашқын» роман-биографиясы мен белгілі қаламгер Есболат Айдабосынның «Жылдың үздік прозасы» аталымы бойынша оза шапқан «Ит тірлік» әңгімесі енген «ҚАШҚЫН» атты кітабы таныстырылды. «Алтын қалам» жүлдесіне қатысқан дарынды авторлардың таңдаулы әңгімелерінен құрастырылған «ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ САТИРАСЫ» атты жаңа жинақ  ұсынылды. Сонымен қатар, «Алтын қалам 2017»  бәйгесінде топжарған «Алашорда» және «Өмірдің өзі» кітаптарының тұсауы кесіледі. 

Бұдан бөлек биыл екінші рет Әдеби «Оскар» сыйлығы табыс етіледі.    Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге берілді.  Жеңімпаздар «Алтын қалам» байқауы мен Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды. Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 61 сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді. Сарапшылар сондай-ақ, қазіргі таңда сұранысқа ие әдеби жанрларды, үздік авторлар мен үздік кітаптарды атап өтті.  


Сауалнама нәтижесінде келесі азаматтар жеңімпаз атанды:

Жылдың үздік баспасы - Meloman Publishing

Жылдың әдеби дебюті -   Орал Арукенова "Правила нефтянки"

Кiтап like (оқырмандар таңдауы) - Аскар Нурша "Путинская Россия: геополитический реванш или агрессивная оборона?"

Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап - Гульнар Бажкенова "Только не говорите, это слишком"

Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін) - Олжас Құдайбергенов.