Үкімет • 23 Сәуір, 2019

Асқар Мамин мен Мажарстан Премьер-Министрі В.Орбан инвестициялық ынтымақтастықты нығайту келешегін талқылады

603 реткөрсетілді

2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездесу өткізді деп хабарлайды primeminister.kz

Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, екіжақты тауар айналымының көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, дәстүрлі және баламалы энергетика, атом өнеркәсібі және ғылым, қорғаныс-өнеркәсібі кешені, авиация, ауыл шаруашылығы, қазақстандық экологиялық таза өнімді экспорттау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету перспективалары қаралды.

Екі елдің Үкімет басшыларының пікірінше, екіжақты тауар айналымының қазіргі көлемі ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар екенін көрсетеді.

«Біз Қазақстанды елеулі экономикалық нәтижелерге қол жеткізіп жатқан ел деп санаймыз. Екіжақты қарым-қатынас орнатқанымызға өте қуаныштымыз», — деп Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан, бірлескен жұмыс келешекте көлемді ұлғайтып, өзара іс-қимыл құрылымын кеңейтуге және ауқымды жобаларды іске асыруға жол ашатынына сенім білдірді. — Мажарстан алдағы уақытта да Қазақстанға ашық болып, экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін іздеуді жалғастырады».

Премьер-Министр А. Мамин Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сенімді қарым-қатынастар экономикалық өзара іс-қимылды дамытуға қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті.

«Мажарстан – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың одан әрі кеңейе түсуін құптаймыз», — деп А. Мамин, Мажарстан кәсіпкерлерін Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға белсене қатысуға және өзара іс-қимылды дамытудың жаңа формаларын бірлесіп іздеуге шақырды.

Қазақстан мен Мажарстанның Үкімет басшылары екі ел арасындағы өзара сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады. Нұр-Сұлтан қаласында биыл 29 сәуірде 100 венгр бизнесменінің қатысуымен өтетін Қазақстан–Мажарстан Стратегиялық кеңесінің отырысы сауда көлемін одан әрі ұлғайтудың және тауар айналымының құрылымын кеңейтудің жаңа құралдарын анықтауға жол ашады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Кеше

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Арыс балалары Бөбекте демалады

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • 19 Шілде, 2019

Полицей сәбиді құтқарып қалды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Әкімдерге бағаны халық беруі керек

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Жер құнарын жақсарту қажет

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар