Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

Қостанайда «Киік» кең көлемді табиғат қорғау акциясы жүріп жатыр

740 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Киіктердің мекеніне келер алдындағы бұл акция кезінде ұйымдастырылған рейдтерде 40 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, кінәлілерге 300 мың теңгеден аса айыппұл салынды.

Қостанайда «Киік» кең көлемді табиғат қорғау акциясы жүріп жатыр

 Сәуір айының аяғына дейін жүретін акцияда облыс өңірінде полиция қызметінің жергілікті бөлімшелерінің, қылмыстық полиция, тергеу қызметкерлерінен құралған жедел топтар құрылды. Олар киіктер жүретін жерлерге табиғат қорғау органдарымен тізе қосып, рейдтер мен бақылауды күшейтті.

Акцияның 21 күнінде Қостанай-Торғай өңірінде 15 азамат заңсыз аң аулағаны, 25 адам балық аулау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкергшілікке тартылды.

Облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Қайрат Шакуповтың айтуынша, «Киік» акциясы киік мүйізін  заңсыз сауда айналымына салатын браконьерлік фактілердің алдын алу үшін өткізіліп отыр. Киік жайылатын өңірлерде бақылауды күшейту арқасында тұқымы құрып бара жатқан жануардың Бетпақдала популяциясында мылтық кезену фактісі әзір кездескен жоқ.


Қостанай