Руханият • 24 Сәуір, 2019

Ұлттық кітапханада «KITAP SHOY´- 2019» мерекелік шарасы өтті

1249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық кітапханада дәстүрлі түрде Дүниежүзілік кітап күні аталып өтті. Дәстүрлі шараға Алматы қаласында кітап баспаларының, кітап саудасымен айналысатын орындардың өкілдері, жоғары оқу орындары, кәсіптік білім беру мен орта мектептердің оқушылары атсалысып, кітап мерекесінің көрігін қыздырды.

Ұлттық кітапханада «KITAP SHOY´- 2019»  мерекелік шарасы өтті

«KITAP SHOY´- 2019» бағдарламасына орай өткен кітап көрмелері, әдеби викториналар және театрландырылған көріністер, танымал жазушылармен кездесулер, кітаптардың тұсаукесерлері және т.б. іс-шаралар оқырмандар көңілінен шықты. Шара барысында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросынан Сергей Карпов, Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Оспанова, Алматы қаласындағы Гете институты кітапханасының ақпараттық орталық бөлімінің басшысы Шолпан Қызайбаева, т.б. кітап мерекесіне келген қонақтарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Қаланың кітап мәдениетін дамытуға, кітап оқуға тартуға, сапалы әдебиетті басып шығаруға және танымал етуге ынтазар жандар бас қосқан кітап мерекесінде көп кітап оқитын отбасы, жылдың үздік авторы, үздік кітапхана, ең кішкентай оқырман сынды аталымдар бойынша жеңімпаздаға арнайы сый-сияпаттар үлестірілді.