Екі команда арасындағы кездесу 2:4 есебімен қытайлық дзюдошылардың жеңісімен аяқталды.
Айта кетелік, Азия біріншілігінде Қазақстан жалпы есебі алты медаль жеңіп алды. Ерлан Серікжанов 66 келі көрсеткішінде чемпион атанса, Елдос Жұмақанов күміске қол жеткізді. Сондай-ақ, 48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг те күміс жүлдегер қатарында.
Севара Нишанбаева (57 келі), Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) және Ислам Бозбаевтар (90 келі) құрлық додасының қола медаліне иелік етті.