Спорт • 24 Сәуір, 2019

Эстафетадан Қазақстан әйелдер командасы Азия чемпионатында күміс медаль иеленді

862 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы эстафета аяқталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Эстафетадан Қазақстан әйелдер командасы Азия чемпионатында күміс медаль иеленді

Қазақстан командасы аталған сында күміс жүлдегер атанды. Ел намысын  Элина Михина, Ольга Сафронова, Светлана Голендова мен Рима Кашафутдинова қорғаған болатын. Біздің команда 400 метрді 43.36 секундта жүгіріп өтті. 

Қыздар арасындағы эстафетада Қытай құрамасы жеңіске жетті. 

Сондай-ақ, эстафеташылардың ізін ала Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден екінші орын иеленді. Ол 1.88 метрді бағындырып, өзбекстандық атлетке жол берді. 

Айта кетелік, Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден Азияның алтын медалін тағынды. Элина Михина (400 метр) күміс, Михаил Литвин (400 метр), Маргарита Мукашева (800 метр), Иван Иванов (ядро лақтыру) жүлдегерлер қатарында.