Қоғам • 24 Сәуір, 2019

ҚТЖ: Екі пойыздың жүру кестесі өзгертілді

2290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне өзгеріс енгізілетінін хабарлайды.

ҚТЖ: Екі пойыздың жүру кестесі өзгертілді

Атап айтқанда, №375/376 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Риддер» пойызының кестесі  өзгереді. 22 мамырдан бастап бұл құрам «Семей - Шар - Өскемен» (бұрын  «Семей - Локоть - Өскемен» арқылы қатынайтын) арқылы жүретін болады.

Бұл  жолаушылардың жол жүру уақытын 5 сағатқа қысқартады. Сондай-ақ тексеруге байланысты мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде ұзақ уақыт аялдамайтын болады. Жолдағы жалпы уақыт - 23 сағат 23 минут.

Сонымен қатар 22 мамырдан №086  «Нұр-Сұлтан - Сарыағаш» бағытындағы пойыздың кестесі өзгереді. Енді бұл құрам «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол» теміржол вокзалынан қатынайды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан мәлім еткендей, аталған өзгерістер жолаушылардан келіп түскен көптеген өтініштерден кейін енгізіліп отыр. Толық ақпаратты «105» анықтама телефонынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00