Скандинавиялық жүріс – дене пішінін, хал-ахуалды және көңіл күйді жақсарту, сонымен қатар салмақты бақылаудың қарапайым, қолжетімді және өте тиімді тәсілі. Қазақстандықтар арасында скандинавиялық жүрістің танымалдылығы жыл сайын өсіп келеді. Жарысқа барлық жастағы белсенді азаматтар қатыса алады.
Айтулы фестиваль 2019 жылғы 2 маусымда, Алматы қаласындағы «Атакент» көрме кешені алаңында өтеді деп күтілуде. Елімізде өткізілетін басқа спорттық іс-шараларға қарағанда, скандинавиялық жүріс бойынша фестивальде спорттық қашықтықтың әрбір қатысушысы мен корпоративтік командалары үшін уақыт белгіленетін болады, ал қозғалыстың дұрыстығы мен көркемділігін кәсіпқой қазылар қадағаламақ. Мүмкіндіктері шектелген қатысушылар үшін жеке есеп жасалған, олар тіркеу жарнасын төлемейді. Ұйымдастырушылар жарыстарға корпоративтік қатысудың танымалдылығына үлкен үміт артып отыр. Бұл компаниялар мен ұйымдарға жарыс жолын өздерінің жарқын брендті спорттық киімінде өтіп, компаниялары мен брендтерінің атауларын танытуға зор мүмкіндік тудырмақ. Алайда басты мақсат ауызбірлікті және корпоративтік рухты нығайту.
Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен жүлделер тапсырылады, ал жеңімпаздар – естелік медальдарға ие болады. Қатысушыларды онлайн-тіркеу Фестиваль сайтында белсенді жүргізіліп жатыр. www.nordicwalkingfest.kz.
– Скандинавиялық жүріс – рахатқа бөленіп, өзіңізді жақсы қалыпта ұстауға мүмкіндік беретін, барлық жастағы адамдар үшін фитнестің әсем түрі. Біз, барлық қатысушылар үшін уақытты есептеумен және тәжірибелі және бастаушы «нордиктер» үшін қашықтықтары белгіленген алғашқы жеке жарысты ойластырдық. Almaty Nordic Fest белсенді қазақстандықтардың жүрегін жаулап алады деген үміттемін, - дейді Қор директоры, Ванкувердегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева.
Скандинавиялық жүріс бойынша Almaty Nordic Walking Fest фестивалі Алматы қаласының 2019 жылдағы спорттық оқиғаларының ресми күнтізбесіне енгізілген. Елена Хрусталеваның Олимпиадалық қорының жоспарында скандинавиялық жүріс бойынша фестивальді Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында және Шымкент қаласында, сонымен қатар болашақта көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанда да өткізу идеясы бар.
Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов мұндай бұқаралық спорт іс-шараларының ұлт денсаулығын қалыптастырудағы маңызы зор екенін атап өтті.
– Алматы қаласы бүкіл Орталық Азияның бұқаралық спорттық жарыстарын өткізудің астанасына айналды. Бұл іс-шаралар қала тұрғындарының хал-жағдайына, сол сияқты қаланың экономикасына позитивті әсер етуде. Скандинавиялық жүріс үшін Алматыда барлық жағдайлар бар. Шаһарда белсенді демалуға арналған маршруттар мен аймақтардың желісі тұрақты кеңеюде. Біз, Скандинавиялық жүріс фестивалінің кеңге өркен жаятынына сенеміз, - дейді Рүстем Байсейітов.
Іс-шараны ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, сонымен қатар бірқатар ірі халықаралық компаниялар да қолдап отыр.
– Елена Хрусталеваның Олимпиадалық Қорын біз даңқты қазақстандық альпинистші Мақсұт Жұмаевпен және фристайл бойынша әлем чемпионы Юлия Галышевамен бірлесіп, спортшы жастарды қолдау, халықаралық жарыстардың қарсаңында қажетті жаттығулар мен жарыстық тәжірибені қамтамасыз ету мақсатымен, сонымен қатар халықты белсенді өмір салтына тарту бойынша іс-шараларды өткізу үшін құрдық, – дейді Елена Хрусталева.
Максим Прощенко басқаратын еліміздегі алғашқы «Еуразия» скандинавиялық жүріс мектебі жобаның басты серіктестерінің бірі. Қатысушылардың қашықтықтан өту уақытын өлшеуге, трассаларды бөлуге кәсіби мамандар жұмылдырылатын болады. Ұйымдастырушылар алқасы фестиваль қатысушылары үшін бірқатар шеберлік сабақтары мен жаттығулар өткізілетінін айтады.
АЛМАТЫ