Мектеп ғимаратына жапсарлас салынған нысан опырылып түсіп, қирандыларр астында қалған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке қарағанда 24 сәуір күні жұрт шырт ұйқыда жатқанда Тайынша кентіндегі №1 орта мектеп ғимаратына жапсарлас салынған нысанның сыртқа шығуға арналған аумағының 50 шаршы метрі опырылып түскен. Алдын ала болжамдар бойынша ғимараттың тегіс орнықпауы салдарынан жарықшақтар пайда болып, оның соңы апатты жағдайдың орын алуына ұласқан.
Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Және де мектептің коммуникациялық жүйесі бүлінген жоқ.
Білім ордасында сабақ уақытша тоқтатылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.