Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

2019 жылы шамамен 730 км теміржол төсеніші жөнделеді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

1061 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша жол-жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда Қазалы, Бескөл, Жаңарқа және Маңғыстау жол дистанциялары учаскелерінде күрделі жөндеу жүргізілуде.

2019 жылы шамамен 730 км теміржол төсеніші жөнделеді, деп хабарлайды  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Қарағанды, Шу, Жамбыл және Арыс жол дистанциясы учаскелерінде күшейтілген орташа жол жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда.  

 Жұмысқа заманауи жол техникалары: Duomatic түзету-тығыздау машинасы, DGS жолдарды тұрақтандырғыш, PBR балластты жайып тегістеуші, RM шағылтастардытазартушы машина және өзгелері де тартылған.

Бүгінгі таңда шамамен 17 км жол күрделі, ал 9 км астам жол  күшейтілген орташа жөндеуден өткізілді. RM шағылтастардытазартушы машиналарымен 32,775 км көлеміндегі жұмыстар орындалды.   

Толықтай алғанда, 2019 жылы 730 км астам жолды сауықтыру, соның ішінде шамамен 400 км күрделі, ал 200 бағыттамалы бұрма жөндеумен қамтылады. Сондай-ақ қолдан жасалған құрылғыларды ағымдағы, ал Семей – Жаңа – Семей учаскесіндегі метал көпірді күрделі жөндеу жоспарлануда.

Жолды жаңғырту жүк және жолаушылар пойыздары қозғалысының жылдамдығын көтеруге, теміржол инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.