Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

Шымкентте агро-индустриалды аймақтың көлемі 136 гектарға артуда

868 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 136 га агро-индустриалды аймақ құрылады. Бұл туралы «Кооперативер базасында қалалық жағдайда ауыл шаруашылығын дамыту» тақырыбында өткен семинар-шеберлік сабағында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков айтып өтті.

Шымкентте агро-индустриалды аймақтың көлемі 136 гектарға артуда

Аталған семинарда Алматыдан келген Social Farm тұрақты егінжай орталығының мамандары дәріс өтті. Негізгі мақсат – мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру және заманауи технологиялармен таныстыру. Мәжіліске қаладағы және түрлі кооперативтердің мүшелері және қала тұрғындары қатысты.

Бүгінгі таңда шаһарда 62 мың гектар ауыл шаруашылығы бағытындағы жер бар. Осы аумақ ішінде қалада 48 кооператив құрылған.  Ендігі мәселе қайта өңдеу саласын дамыту басты назарда дейді сала мамандары.

Семинарда сөз алған «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы кооперативтері және өнім өндірушілері» қауымдастығының төрағасы Еркін Сатқанбаевтың пікірінше Шымкентте ет өндіру, бау-бақша, көкөніс өсіруге басымдық беріліп отыр. 6-8 соттық жері бар қала тұрғыны ең алдымен өзінің отбасын қамтамасыз ету керек. Ол үшін түрлі технологияларды үйреніп ауласына көкөніс өсірген жөн.  

Қалалық ауыл шаруашылығы кооперативтерінің әлеуетін арттыру үшін қайта өңдеу саласына көңіл бөліп, ауыл шаруашылығы белдеуін құрып, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге болады,  дейді қауымдастық төрағасы.

Қазіргі таңда шаһарда ауыл шаруашылығын дамыту концепциясы дайындалып,  стратегиясы да жасалған. Ендігі мақсат 136 гектар аумақты қамтитын агро-индустриалды аймақ құруға күш салу.

Қуантарлығы,  іскер азаматтар үшін агро-индустриалды аймақтан тегін жер беріліп, шаруашылыққа кеткен шығынның 25 пайызын үкімет өтеп бермек.