Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

Бақыт Сұлтанов: Әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй кезегі жылдамырақ жылжитын болады

970 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін қала әкімі көпбалалы аналармен кездесуде тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешілетінін айтты деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Бақыт Сұлтанов: Әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй кезегі жылдамырақ жылжитын болады

Есіл ауданы әкімдігінде елорда әкімі көпбалалы аналармен кездесті. Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қатысты. 

Кездесу барысында көпбалалы аналардың көбі тұрғын үй алу үшін тұрғын үй құрылысына үлескер болып кіргені белгілі болды. Алайда, қазіргі күні ол нысандардың кейбірінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жоқ. Мысалы, «Шығыс» және «Жағалау» ТК. 

«Бұл нысандар бойынша мәселе шешілуде. Біз ҚИК, ТҚЖБ, Проблемалық кредиттер қоры және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ кредиторлармен келіссөздер жүргіздік. Келісімдерге қол қойылды. Олардың кейбіреулері қазірдің өзінде мәселелерді шеше бастады. «Шығыс» пен «Жағалау» ТК бойынша жұмыс басталады», деді әкім. 

Жалпы алғанда, қала басшылығының айтуынша, биылғы жылы бірқатар тұрғын үй кешендерінің құрылысын жалғастыру басталғаның айтты. Олардың ішінде - «Азбука жилья» құрылыс компаниясының алты нысаны бар. 

Б. Сұлтанов сонымен қатар, бүгінгі күні үй кезегінде 20 мың адам тұрғының еске салып өтті. Оған халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына жататындар, көпбалалы аналар және мүгедектер жатады. 

«Өткен жылы бюджет есебінен аталған санаттағы азаматтарға 188 пәтер бөлінді. Биылғы жылы қосымша бөлінген қаражат есебінен 1800 - 1900 пәтер беру жоспарланып отыр. Кейінгі жылдары осы көлемді екі есеге арттыруға тырысамыз. Сондықтан кезекте 5 немесе 7 мыңыншы болып тұрған адам екі, ең көп дегенде үш жылда баспанаға ие болады деп үміттенемін», деді Бақыт Сұлтанов. Еске салайық, осындай форматтағы кездесу кеше Сарыарқа ауданының әкімдігінде өткен болатын.