Аймақтар • 25 Сәуір, 2019

Қаныш мұралары

1663 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік Орталық музейде академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақтың ұлы ғалымы» атты көрме ашылды.

Қаныш мұралары

Алғашқы қазақ геологы, академик Сәтбаевтың өмір жолы, қайраткерлік қыз­метімен таныстыру мақ­сатында қордағы құ­жат­тар, академиктің архи­він­дегі фотоқұжат­тар, зат­тық деректер келушілер на­зары­на ұсынылды. Бұл ашылып отыр­ған көрме экс­­позициясы төрт та­рау­дан тұрады. «Өмір жо­лын таңдау» айдары­мен топ­тас­тырылған бірін­ші тарау ғалымның ба­ла­лық шағынан сыр тар­қа­тады. Қаныш Сәт­баев Жез­­қазған мыс жә­не Бай­­қоңыр көмір ке­ні ор­нында алғашқы тұрақ­ты барлау жұмы­сын ұйым­дастырды. Ол бү­­кіл Жез­қазған-Ұлытау ауда­нын­дағы пайдалы кен орын­дарының қо­рын жос­парлы түрде анық­тау ісін жолға қойып, әлем­дегі үш ірі мыс кені орн­ының бірі – Ұлытау-Жез­қазған мыс кені көзін ашты.

Көрме экспозициясын­да көпшілік назарында ғалым­ның еңбектері, қайта басылған «Алгебра оқулығы», Мемлекеттік музей қорында сақталған жеке заттары ұсынылды.

Бүгінде әйгілі ғалым, ғылым саласының ұйым­дас­тырушысы, білікті маман, өз халқының нағыз жанашыры, ұлтжанды Қаныш Имантайұлының есімі  Қарағанды об­лысындағы Сәт­баев қаласына, бірқатар минералдар, мұздық, тау шыңдары мен гүлдерге беріл­ді. Қ.И.Сәтбаев атын­дағы сый­­лық және сти­пендия­лар жа­рияланған. Көк жү­зінде Сәтбаев жұл­дызы да жарқырайды.


Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Еgemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ