Ресми мәліметтер бойынша, елімізде жыл сайын 5 млн тонна шикі сүт сауылады. Сүт өңдеу өнеркәсібі қайта өңдеуге шамамен 1,5 млн тонна шикі сүт қабылдаса, бұл көрсеткіш қайта өңдеу зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етуге жеткілікті. ҚСО деректері бойынша, қазіргі уақытта қайта өңдеуге түсетін сүттің шамамен 50%-ы (700 мың тоннаға жуық) КО ТР талаптарына сай келмейді. Тиісінше, 2020 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан зауыттары бұл шикізатты өндіріске қабылдай алмайды. 2020 жылдың 1 қаңтарында техникалық регламенттерді (КО ТР 021 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» және 033 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы») енгізу бойынша Кеден одағында Қазақстанға ұсынылған кейінге қалдырудың мерзімі аяқталады. Олардың талаптарына сәйкес қайта өңдеуге түсетін сүт шикізаты қауіпсіздік бойынша белгілі бір параметрлерге сәйкес болуы шарт.
Қазақстан Сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевниковтың айтуынша, регламент күшіне енгенге дейін жарты жылдан сәл артық уақыт қалды,алайда мемлекеттік органдар тарапынан да, сүт саласының кәсіпорындары тарапынан да белсенді қатысуды талап ететін бірқатар маңызды мәселелер әлі күнге дейін бар. Қазақстанның алдында сүт шикізаты мен осы саланың өнімдерін КО ТР-не сәйкес келтіру міндеті тұр. Қазақстандық сүт нарығын Кеден одағының өзгеріске бейім кәсіпорындарының басымдығы алаңдатып отыр.
Мамандардың айтуынша, бұдан сүт өңдеушілер ғана емес, малшылар да зардап шегеді. FAO инвестициялық орталығының экономисі Инна Пунданың айтуынша, сүт ауыл тұрғындары үшін табыстың көзі. Өткен жылғы мәліметтер бойынша, қайта өңдеуге қабылданған әрбір екінші литр сүт жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі. Сүт қауіпсіздігінің бірқатар көрсеткіштері бойынша Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмеуі оларды сүт жеткізу тізбегінен алынуы мүмкін. Мұндай ахуал ауылды табыс көзінен айыруға қайта өңдеушілер үшін шикізаттың жетіспеуіне соқтырады. Регламент талаптарына кезең-кезеңмен көшудің әзірленген Жол картасы саланың инклюзивтік дамуына ықпал етеді.