Спорт • 25 Сәуір, 2019

Тұрсынбай Құлахмет бокстан Азия чемпионатының финалына өтті

916 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Азия чемпионатының финалына жолдама алған алғашқы боксшы белгілі болды. 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет Азия біріншілігінің алтынына таласады деп хабарлайды Olympic.kz.

Тұрсынбай Құлахмет бокстан Азия чемпионатының финалына өтті

Құлахмет жартылай финалда түркменстандық Нұрсахат Паззыевті айқын басымдықпен жеңді. 

Бірінші раундта қазақ боксшысының соққысынан Паззыевтің мұрны сынып, төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Еске сала кетейік, Қазақстан командасының қоржынында әзірге үш қола медаль бар.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше