Спорт • 25 Сәуір, 2019

Бокс: Шәкімова мен Шолтай ұтылып қалды

945 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалдық сайысының күндізгі бағдарламасына күш сынасқан Қазақстанның әйелдер құрамасының қос мүшесі де өз қарсыластарына есе жіберді.

Бокс:  Шәкімова мен Шолтай ұтылып қалды

69 кило салмақтағы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова тайпейлік Чэнь Ньень-Чиньнан ұтылса, 81 кило салмақтағы Фариза Шолтай үндістандық Пуджа Раниден жеңілді. Осылайша, жарыстың күндізгі бағдарламасы Қазақстанның боксшылары үшін сәтсіз аяқталды. Гаршы алаңға шыққан жерлестеріміздің арасынан тек Тұрсынбай Құлахмет (75 кило) жеңіске жетті. Қалғандары тегістей ұтылды.  

Кешкі сессияда тағы бес отандасымыз жарыс көрігін қыздырады. Бұл бәсекелер мына боксшылар арасында өтеді:


60 кило: Шива Тхапа (Үндістан) – Зәкір Сафиуллин

64 кило: Милана Сафронова – Доу Дань (Қытай)

+81 кило: Ләззат Күнгейбаева – Ян Сяоли (Қытай)

 81 кило: Бек Нұрмағанбет – Еркін Әділбекұлы (Қырғызстан)

+ 91 кило: Сатиш Құмар (Үндістан) – Қамшыбек Қоңқабаев