Спорт • 26 Сәуір, 2019

Футзал: «Қайрат» өз құрамын жариялады

1076 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттік финалы» басталатыны белгілі.

Футзал: «Қайрат» өз құрамын жариялады

Осы жарыста Алматының «Қайраты» қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. Ең соңғы сәтте берілген тізімде 14 футболшының аты-жөндері аталды. 

Олар:  Қақпашылар – № 2 Игита (1986) мен № 13 Дуду (1992, Бразилия). 

Қорғаушылар – № 6 Эдсон (1992, Бразилия), № 7 Ранжел (1990, Бразилия), № 8 Дінмұхамбет Сүлейменов (1981), № 11 Диего (1990, Бразилия), № 14 Дуглас (1988), № 16 Дәурен Нұрғожин (1990) және № 17 Біржан Оразов (1994). 

Шабуылшылар – № 9 Джон Леннон (1994, Бразилия), № 10 Тайнан (1993), № 12 Дәурен Тұрсағұлов (1996), № 15 Хоссейн Тайеби (1988, Иран) және № 18 Шыңғыс Есенаманов (1989).

Бразилиялық маман Пауло Рикардо Фигуэра Силва (Кака) жетекшілік ететін «Қайрат» ертең жартылай финалда Испанияның «Барселонасымен» кездеседі.