Хоккей • 26 Сәуір, 2019

Қазақстан хоккейшілері Беларусь құрамасынан ұтылды

949 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Нұр-Сұлтанда өтетін әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасы Беларусь хоккейшілерімен жолдастық кездесу өткізді.

Қазақстан хоккейшілері Беларусь құрамасынан ұтылды

Бәсекені жерлестеріміз жақсы бастаған еді. Бірінші кезеңде Никита Михайлис пен Антон Сагадеев қатарынан екі гол соқты. Үзілістен кейін Евгений Ковыршин мен Станислав Лопачук нысананы дәл көздеп, таразы басын теңестіріп кетті. Үшінші кезең қазақстандық хоккейшілерінің басымдығымен басталады. Дастин Бойд пен Дмитрий Шевченко қатарынан екі шайбаны қақпаға енгізгенде жанкүйерлер бір желпініп қалды. Бірақ ерте қуанған екенбіз. 55 және 58 минуттарда Егор Шарангович екі мәрте нысананы дәл көздеді. Есеп – 4:4.

Тең ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақытта қос команда бір-бірінің қақпа кілтін таба алмады. Ал буллит соғы барысында Беларусь хоккейшілерінің бағы жанды. Қорытынды есеп – 5:4.

Қазақстан құрамасы бүгін тағы бір жолдастық кездесу өткізеді. Қарсыласымыз – Оңтүстік Корея хоккейшілері. Ал әлем чемпионаты 29 сәуірде басталады. Жерлестеріміз өздерінің тұсаукесер кездесуін Словенияға қарсы өткізеді.  

Соңғы жаңалықтар