Бокс • 26 Сәуір, 2019

Бокс: Алғашқы алтынның иесі белгілі

1065 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа ғана бокстан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық сайысы басталды.

Бокс: Алғашқы алтынның иесі белгілі

Жарысты әдеттегідей аса жеңіл салмақтағы былғары қолғап шеберлері бастады. Шаршы алаңға өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедов пен үндістандық Дипак шықты. Бұл тартыс «ала тақиялы» ағайындарымыздың пайдасына шешілді. Сөйтіп, Азия чемпионатының алғашқы алтынын Өзбекстанның өкілі жеңіп алды. Осы салмақта бақ сынаған Теміртас Жүсіпов қола медальді иеленді. Жартылай финалдық сайысқа ол жарақатына байланысты шықпай қалған еді.

Ал барша қазақстандық жанкүйерлер өз өрендерінің жекпе-жектерін тағатсыздана күтуде. Финалдық бәсекеде біз Зәкір Сафиуллин (60 кило) Тұрсынбай Құлахмет (75 кило), Бек Нұрмағанбет (81 кило) және Қамшыбек Қоңқабаевтың (+91 кило) өнерін тамашалаймыз