Осының алдында ғана аса жеңіл салмақта бақ сынаған Нодиржон Мирзахмедов үндістандық Дипакты ұтып, алтын тұғырға көтерілсе, командалық әріптесінің жеңісті жолын Миразизбек Мирзахалилов жалғастырды. 56 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан ол Үндістанның өкілі Кавиндер Сингх Биштан басым түсті. Финалда есе жіберген айтулы боксшы ширек финалда біздің Қайрат Ерәлиевті ұтқанын естеріңізге сала кетейік.
Ал 52 кило салмақтың бас жүлдесі Үнді елінің өкілі Амитке бұйырды. Шешуші тұста ол Оңтүстік Корея спортшысы Ким Ин Кьюді жеңді.