Оңтүстік Кореяның оғланы жартылай финалда Қазақстанның атақты былғары қолғап шебері, Рио Олимпиадасының күміс және әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы Василий Левитті айқын басымдықпен ұтқанда көпшілік бұны кездейсоқтыққа балаған еді.
Десек те Ким өзінің қарулы боксшы екенін ақтық айқаста да дәлелдеді. Финалда ол Өзбекстанның мықтысы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Санжар Тұрсыновқа сан соқытырып, Азия чемпионы атанды.