Бүгін Алматыда Қазақстан ревматологтарының II конгресі өз жұмысын бастады. Асқар Шәкенұлы Сейсенбаевтың құрметіне арналған Конгреске Қазақстанның барлық аймақтардан 500-ден аса дәрігер қатысып отыр. Сондай-ақ жиынға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Украина, Оңтүстік Кореяда мамандары да келді.

Бұл форум ревматологтарға ғана емес, сонымен бірге, ішкі органдарды емдейтін терапевттер үшін де аса қызықты. Бірінші кезекте, диагностика сапасы талқыланады, диагностикадан бастап оңалтуға дейінгі кезеңде аурудың әртүрлі сатысында акушер-гинеколог, маммолог және онкологтардың өзара әрекеттесу мәселесі қарастырылады. Остеопороз және D дәруменінің жетіспеушілігі мәселелері көтерілмек. Бұл Конгресс Қазақстанның денсаулық сақтау саласына заманауи диагностика әдістерін ендіруге арналған.
Мінберден сөз алған спикерлер қатарында Қазақ ревматологтар алқасының төрағасы, профессор Ғ.Тоғызбаев, С.Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университетінің ректоры, профессор Т. Нұрғожин, Ресей Ревматологтар қауымдастығының вице-президенті, академик В.Мазуров (Санкт-Петербург), сеулдік жетекші ғалымдар Dohsik Minn (Do-CiC Mihn), Nackmoon Sung пен Min Heesuk бар.
Кореялық дәрігерлер жиында ревматизм аурулары мен жұлын иммунологиясын зертханалық әдіспен бағалау, инновациялық технологиялар көмегімен молекулярлық диагностика жүргізу және аутоиммундық ревматизм кезіндегі жүрек-қантамыр аурулары асқынуының алдын алу мәселелерін көтеріп отыр. Қазақ ревматологтар алқасының төрағасы Ғ.Тоғызбаев Қазақстан ревматология саласына жаңа технологияларды тартудың келешегі туралы сөз қозғады.
Конгресс бағдарламасы ғылыми сессияларға, пленарлық мәжілістер мен симпозиумдарға толы әрі мазмұнды түрде өтуде. Екі күн бойы қатысушылар ревматологияның өзекті теориялық және клиникалық мәселелерін, ревматизмдік ауруларды (ревматоидты артрит, спондилоартрит, аутоқабынушы аурулар, қызыл жегі, жүйелі склероз, жүйелі васкулит, остеоартроз, остеопороз) диагностикалау және емдеуге арналған заманауи клиникалық ұсынымдарды, ревматология саласындағы түбегейлі жаңа зерттеу бағыттарын, Қазақстанда ревматология қызметін дамыту және жетілдіру келешегін ортаға салмақ.
Қазіргі таңда ревматизм дерті кардиологиялық аурулар мен онкологиядан кейін мүгедектікке шалдықтыру жағына үшінші орында тұр. Ревматизм ауруына шалдыққан науқастардың 72%-ы еңбекке жарамды 18-59 жас аралығындағы азаматтар болып табылады. Ауруға шалдыққандардың 65%-ын әйелдер құрайды.
Конгресті Қазақ ревматологтар алқасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауына сүйене отырып, «Ұлттық медицина университеті» АҚ бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медальін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан-Чехия дипломатиялық қатынасына арналған дөңгелек үстел өтті
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени байланыстар нығайып келеді
Мәдениет • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар