Аймақтар • 27 Сәуір, 2019

«Батыс» ӨҚ-да отбасылық байқауы өтті

1147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда жаппай спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет әскери қызметшілердің отбасылары арасында спорттық байқау ұйымдастырды.

«Батыс» ӨҚ-да отбасылық байқауы өтті

«Отанды сүю – отбасынан басталады» атты байқау үш кезеңнен тұрды: сәлемдесу, спорттық эстафета және шығармашылық байқау. Байқаудың ең көзтартар және эмоционалдық сәті спорттық эстафета болды. Оның барысында ата-аналар мен балалар секіртпеде секірді, шеңберді айналдырды, найзаны лақтырды, доппен жүгірді және өздігінен сырғанайтын құралды тепті. Шығармашылық байқау қатысушыларға шектеу қойған жоқ. Сондықтан қатысушылар көрермендерді көркемдік нөмірлермен, қойылым және тәтті пісірмелермен қуантты.

Байқау қорытындысы бойынша сержант М. Сүндетқалиевтің жанұясы жеңіске қол жеткізді, екінші орын кіші сержант И. Ихсановтың отбасына бұйырды. Үшінші орынға ефрейтор Д. Идришевтің әулеті табан тіреді.

Естеріңізге сала кетсек, Қарулы Күштерде бірнеше жыл бойы әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызмет жұмыс атқарып келеді. Олардың басты мақсаттары мен міндеттері отбасы беделін нығайту, оның әлеуметтік мәртебесін арттыру, отбасылық құндылықтар мен дәстүрді дамыту, белсенді әлеуметтік ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ жас отбасылардың салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау болып табылады.