27 Сәуір, 2019

Төрт миллион теңгеге құрал-жабдықтар алып берді

1638 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған орталық басшысы Алмагүл Тұрмұxамбетова мұндай жабдықтар бұған дейін болмағанын айтады.

Төрт миллион теңгеге құрал-жабдықтар алып берді


Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығына "KAZ Minerals Ақтоғай" кен байыту комбинаты 4 млн теңгеге жуық қаржыға қажетті құрал-жабдықтар алып берді. Оның ішінде: екі мүгедектер арбасы, нейро-ортопедиялық оңалту пневмокостюмі, сатылы көтергіш, жұмсақ қабырғалы құрғақ бассейн мен интерактивті тақта бар. 

Аталған орталық басшысы Алмагүл Тұрмұxамбетова мұндай жабдықтар бұған дейін болмағанын айтады. "Менің ойымша, бұлал тірек қимылы бұзылған, психоневрологиялық аурулармен ауыратын балаларға таптырмайтын құрылғылар. Мысалы, бұрындары екінші қабатқа осы мекеме тәрбиеленушілерін шығару үшін біраз әбігерге түсетінбіз. Енді электрлі көтеру құрылғысымен көтеріліп, түсуге ыңғайлы болды. Біздер үшін осындай зор көмек көрсеткен "KAZ MINERALS Ақтоғай" комбинаты басшылығына зор алғысымызды білдіргім келеді", - дейді ол.

Құрал-жабдықтардың қатарында тірек қимылы бұзылған балаларды аяққа тұрғызып, жүруге бейімдейтін құрылғы да бар екен. Оның көмегімен бірнеше жыл жатып қалған балаларды аяғына тұрғызуға мүмкіндік туады дейді мамандар.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы