Баспаналар инфрақұрылымы дамыған, экономикалық,әлеуметтік әлеуеті жоғары 150-ге жық елді мекенде бой көтереді. Егер көшіп келген отбасы басқа үйді сатып алса немесе жалдаса, мемлекет оларға 600 мың теңгеге дейін шығынын қайтарып береді. Бұған қоса әр отбасы үшін демеуқаржы қарастырылған. Мәселен, 5 адамнан тұратын отбасыға 450 мың теңге төленеді.
Ішкі көші-қон үдерісін реттеу, теріскей жақтарда демографиялық ахуалды реттеу, мамандар тапшылығын жою мақсатымен қабылданған мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылғалы Мағжан еліне 700 отбасы көшіп келіп, түрлі әлеуметтік қолдауларға ие болды. Қазір олардың басым көпшілігі ауылшаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік салаларда еңбек етеді. Биыл 2,5 мың адамды қоныстандыру белгіленген
«Көшіп келушілерге бірнеше талап қойылады. Атап айтқанда, әр отбасыда 3-4 бала болу қажет. Дәрігер, агроном, тракторшы, комбайншы секілді мамандық иелеріне басымдық беріледі. Осы талаптар орындалған жағдайда су жаңа коттедж кілті табыс етіледі. Мектептер мен балабақшалар жеткілікті», дейді Құмар Іргебайұлы.