Қазақстанның ұлттық құрама командасында Қостанай облысынан спортшылар Аруна Жақсығұлова мен Чащин Александр, Мәлика Мұхтарова және Владислав Сахно болды. Жатықтырушы Андрей Нужныйдың айтуынша, қостанайлық спортшылар үздік өнер көрсетіп, еліміз құрамасына олжа салды.
Жарыстың алғашқы күні solo men бағдарламасы бойынша Чащин Александр қола медальді жеңіп алды. Ал келесі күні open world cup шеңберіндегі senior санатында Аруна Жақсығұлова мен Чащин Александр 1-ші орынға көтерілді. Турнирдің 3-ші күні duo combi latino бағдарламасы бойынша Мұхтарова Мәлика мен Сахно Владислав қоржынға күміс медаль
Салды. Осы бағдарлама бойынша Аруна мен Александр 3-ші орын алса, Александрдың өзі solo singl men freestyle 3-ші орын алды
«Қостанайда өзіміз бастаған арбадағы би қанатын жайып келеді. Өйткені биге қызығушылық танытқандар қатары көбейе түсті. Олар мұның үлкен еңбек екенін де біледі. Біздің жеңістеріміз алда көбейе түсетін болады» дейді Аруна Жақсығұлова.