Сол жігіттеріміздің төртеуі жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтсақ, 55 кило салмақтағы Қорлан Жақанша Оңтүстік Кореяның өкілі Джеон Хекжинді айқын басымыдықпен жеңді. 77 кило салмақтағы Тамерлан Шадукаев катарлық Бахита Шарифа Бадрадан басым түсті. 87 кило салмақтағы Азамат Құстыбаев тәжікстандық Тохиржон Охоновтың осал тұсын оңай тапты. 130 кило салмақтағы Дамир Күзембаев үндістандық Прем Премді тас-талқанын шығарды. Ал 63 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан Құдайберген Тұрсынов ирандық Саман Морад Абдувалиден ұтылып қалды. Осылайша, грек-рим күресі шеберлері арасындағы алғашқы жарыс күні қолаға қарық болдық.
Сондай-ақ, кеше Мейрамбек Айнағұлов (60 кило), Мейіржан Шермаханбет (67 кило), Демеу Жадыраев (72 кило), Мақсат Ережепов (82 кило) және Әлихан Сыздықов (97 кило) сындф балуандар боз кілемге шықты. Олардың қалай күрескені жайында газетіміздің келесі санында баяндаймыз.