29 Мамыр, 2013

«Аптап шөлдің аппақ күні» фильмінің түсірілуіне атсалысқан қазақ

420 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

«Аптап шөлдің аппақ күні» фильмінің түсірілуіне атсалысқан қазақ

Бұрынғы Одақ елдерінде адами қасиеттержауынгер тапқырлығы менөжеттігіпатриоттық рух және ұшқыр сөз тіркестерімен есте қалғанкартинаЭкраннан қырық жыл бойы түспей келе жатқан фильм  1969жылдың мамыр-қыркүйек айларында Түркіменстанның Байрамалиқаласы маңында түсірілгенСол жылысол арада жауынгерлік борышынөтеген Қандыағаш стансасындағы қазіргі «Шапағат» ЖММ (бұрынғытемір жолауруханасының бас дәрігері, «Қазақ КСР-не еңбегі сіңгендәрігер», КСРО «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»,

Бұрынғы Одақ елдерінде адами қасиеттержауынгер тапқырлығы менөжеттігіпатриоттық рух және ұшқыр сөз тіркестерімен есте қалғанкартинаЭкраннан қырық жыл бойы түспей келе жатқан фильм  1969жылдың мамыр-қыркүйек айларында Түркіменстанның Байрамалиқаласы маңында түсірілгенСол жылысол арада жауынгерлік борышынөтеген Қандыағаш стансасындағы қазіргі «Шапағат» ЖММ (бұрынғытемір жолауруханасының бас дәрігері, «Қазақ КСР-не еңбегі сіңгендәрігер», КСРО «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Құрметті теміржолшы»Аманжол қажы АДАЕВ картинаның құнды мұраға айналуына қолқабысжасаған азаматтың бірі.

– Қажы аға, 1969 жылдың 14 жел­тоқ­санында Ленинградтағы Кино үйіндекартина қоюшылары мен басшыларға арналыпфильмнің шектеуліпремьерасы өтіптіБір дәуірдің белгісіне айналған туындының өміргекелуіне қалай куәгер болған едіңіз?

– Тағдыр мені кейінгілерге айта жүрер айтулы оқиғаға куә болсын деген шығар. Бұл қызметке негіз болған мына жайт. Армияда әскери дәрігерлердің жетіспеуіне байланысты 1968 жылдың басында одақтық Жоғарғы кеңес азаматтық дәрігерлерді шақырту туралы қаулы шығарды. Сол жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын және сондағы әскери кафедраны тәмамдағам. Темір аудандық ауруханасында хирург қызметінде жүргенде қыркүйекте азаматтық мінде­тімді өтеуге шақырылдым. Дәм-тұз Қы­зыл тулы Түркістан әскери округіне қарас­ты Түркіменстанның Байрамали қала­­сын­дағы №54184 ракеталық бригада­сынан бұйырды. Сондағы үшінші дивизионға дәрігер болып тағайындалдым. Брига­да­дағы үш дивизион жылда алма-кезек Астрахань облысындағы «Капустин Яр» полигонындағы жаттығуларға қатысатын. Сол арадан жіберілген ракеталарды Ақтөбенің Мұғалжар ауданындағы «Эмба-5» әуеге қарсы стратегиялық бөлімі атып түсіретін.

– Орталықтан келген әртістер мен шөлдегі әскерилердің арасындақаты­нас қалай қалыптастыЕркіндікті ұна­та­тын олармен әр қадамыбұйрықпен қада­ға­ла­натын сіздерді не байланыс­тырды?

– Сценарий бойынша оқиға шөлді өңірде өтуі керек, соған орай Байрамали аймағы таңдалған. Сондықтан біз­ді табыстырған құм сахарасы. Негізі, Түр­кіменстан жерінің 80%-ы Қарақұм шөлі. Әрі Байрамали маңында Хауызхан атты жасанды теңіз бар. Онда балық өсіріледі, оны аулайтын кеме – Верещагиннің «жарылатын» баркасы. Теңіз жағасындағы эпизодтағы цистерна мен темір жол ва­гонының макеті – біздің саперлар жа­са­ған «туындылар». Яғни әскери бөлім фильмінің түсірілуіне көп жәрдем берді.

Әртістердің бірсыпырасы әскери бө­лім­нің екі қабатты, офицерлерге арналған қонақүйіне орналасты. Бригада командирі, полковник Лебедевтің нұсқауымен біздің медициналық бөлім әртістерге дәрігерлік көмек көрсетуге міндеттелді, содан шақырту бойынша жиі барып тұрдық. Өйткені, сауық-сайранды ұнататын кәсіп иелері көбіне шу шығарып, «қызу» жүретін. Бізді шақыру себептері де көбіне ішімдік салдарымен байланысты болатын. Көмек көрсету дәрігерлік міндет болған соң амалсыздан баратынбыз.

– Демекқан қысымдары мен жү­рек соғыстарын ретке келтіре жүріптуын­дының тамаша шығуына үлес қостым деп санайсыз ба?

– Бірде менің кезекшілігімде сондай шақырту түсті. Әдеттегідей, бей­бас­тақ­тықпен байланысты шығар деп ойлаған­мын. Конақүйге кіріп келгенде өз көзіме өзім сенбедім, айналаның бәрі мұнтаздай таза, жинастырылған. Шақыру себебі, Верещагиннің әйелі Настасья рөліндегі Раиса Куркина сырқаттанып қалыпты. Оған жәрдем көрсетіп дәлізге шықсам, қарсы бөлмеден сұңғақ бойлы кісі шығып, бөлмесіне шақырып, өзін фильмнің режиссері Владимир Мотыль деп таныс­тырды. Дәрігерлердің көрсетіп жатқан қызметіне ризашылығын білдіріп, шексіз алғысын айтты.

– СуховСаидАбдуллаВерещагинПет­руха сияқты басты рөлдердеой­най­тын­дар күнделікті өмірде қандай адам­дар едіТүсірілімгеәртістермен қа­тар жүрген жауынгерлер шақырылды ма?

– Дәрігерлік кезекшілік кезінде фильм атақтыларынан кездестіргенім жаңағы айтқан адамдар ғана. Әр шақырған сайын қонақүй фойесіндегі тақтадағы күнделікті фильмнің сценарийіне көз тастамай өткен емеспін. Онда кезекті түсірілімдегі эпизодта кімдер ойнайтыны, қандай аттармен (түрі-түсі көрсетілген) қандай трюктер қойылатыны туралы нақты хабарландыру ілінетін. Фильм алаңына бару біздің міндетімізде болған жоқ. Студия көбіне Хаузхан жағасы мен сол аймақтағы Сұлтан Санжар кесенесі маңы және басқа да тарихи орындарда жұмыс істеді.

Абдулланың әйелдері рөліне бөлім жауынгерлері де қатысты. Бұл көрініс Суховтың соңына ерген, пәренжі жамыл­ған әйелдердің аяқтарынан білінеді: бас­тапқы үш-төртеуінен кейінгілері ер адамдар. Себебі, ыстығына жұмыртқа пісетін құмда және цистерна ішіндегі қапырыққа ер адамдардың ғана төзе алатыны белгілі.

Шынын айтқанда, шала мас жүретін әртістер жақсы картина шығарады деп ойлаған емеспіз, сондықтан олардың ісіне аса көңіл бөле қойған жоқпыз.

Әртістер кеткеннен кейін бір жыл бойы картинадан еш дерек болмады. «Е, жүрген түрлері анадай, олардан не шығар» деп жауып қойғанбыз. 1970 жылғы қыркүйектің ортасында әскери міндетімнің мерзімі аяқталып, ертесіне бала-шағаммен Ашхабад-Москва пойызымен елге жүрмекші болып, жиналып жатқанбыз. Кешкісін бақылау-өткізу пунктінде «Әскери бөлімдегілер құрметіне алғаш рет «Белое солнце пустыни» фильмі көрсетіледі» деген афишаны көрдім. Әртістердің талай қызықтарын картинадан бұрын тамашалағандықтан киноға баруға соншалықты ықылас болған жоқ. Дегенмен, жауынгерлік өмірдің соңғы күнін көпшілік ортасында өткізгенді жөн санадым.

…Кинозалдан жалғыз мен емес, бүкіл бөлім жауынгерлері желпініп шықты. Туындының жарыққа шығуына қол ұшы тиген мен секілділер бар, тікелей қатысқандар бар, «әйгілі болдың, атағың шықты» деп бірін-бірі құттықтап, құшақтасып жатты. Не керек, қойылым бәрімізге қатты ұнады, сондағы қуаныш әртістердің кірбіңді қылықтарын түгел шайып кетті.

– Түсірілімінің куәсі болған фильм қырық жылдан кейін қалай қабыл­данады екен? Әскерде, 1970 жылы қолың­ыз жеткен, В.Лениннің 100 жылды­ғы­на орай берілген «За воинскую доблесть» медалін фильмге сіңген еңбегіңіз­дің бағасы деуге бола ма?

– Фильм түсірілген тұстар әскери жаттығуларда талай рет аяқ басқан жерлер. Жастығымның куәсі – бұл фильмді балаларым мен немерелерім де жақсы көреді.

Ал, соңғы сұраққа келер болсақ, әдетте шөлді аймақта улы жәндік, жылан атаулы көп болады. Әрі сол араға тән лейшманиоз  ауруын тудыратын маса түрі бар, шаққаннан кейін теріде тарының көлеміндей ақ түйіршік пайда болады. Оған іле-шала ем жүргізбесе көлемі алақандай жараларға айналып, жігіттер жауынгерлік міндеттеріне жарамай қа­ла­ды. Соған ол жерде пайдаланбаған ем тү­рін жасап, көп жігіттерді қатарға қайта қостым. Медициналық-санитарлық шағын бөлімде бұрын істелмеген амбулаторлық-хирургиялық операциялардың көптеген түрлерін жасадым. Офицерлер қалашы­ғын­дағы кәрі-жас, бала-шағадан да көме­гімді аяған жоқпын. Оған қоса  жауынгерлер арасындағы науқастарын анықтап, госпитальға уақытында жеткізу, әскери жаттығулардағы кездейсоқ жағдайлардағы сапалы көмегім бөлім басшыларының назарында болса керек, дәрігерлер арасынан «За воинскую доблесть» медалі (сол кезде жоғарғы марапаттардың бірі) маған бұйырды. Еңбегіме берілген және бір жоғары баға: әскерге тұрақты қалуға ұсыныс түсті. Бірақ үйдегі алты баланың үлкені, әрі ауылдағы қарт әке-шешеге сүйеу қажет болғандықтан елге оралған дұрыс болар деп шештім.

Әр азамат өміріндегі айтулы тұстардың бірі әскердегі қызмет жылдары. «Белое солнце пустыни»  фильмнің түсірілімі мен үшін ол кезеңді тіпті ұмытылмас етті.

Деректер мен дәйектер:

П. Верещагин Ресейде кеден қызметінің патриотына айналды. Қорған мен Донецк қалаларындағы кеден бөлімдері жанында оған қойылған ескерткіштер бар. Ғарышкер А.Леоновтың айтуына қарағанда, картина сәттілік әкеледі, кеңес және ресейлік ғарышкерлер әр сапар алдында тамашалау­ды бұлжымас ережелеріне енгізген. Фильм дискісі Халықаралық ғарыш стансасының бортында да бар көрінеді. Картина 1998 жылы Ресей Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
* * *
Картинаның өмірге келуін түсірушілері кездейсоқ жағдаймен байланыстырады. 1968 жылы «Мосфильмде» шытырман оқиғалы екі фильм сценарийін қысқартып тастаған. Дегенмен, сондай желімен басқа туынды жасау керек деген міндет қойылып,  сценарийші Валентин Ежовқа («Солдат туралы баллада» авторы) тиісті тапсырма берілген. Киноға арқау боларлық дерек іздеген ол азамат соғысы ардагерінен қашып бара жатқан басмашылардың әйелдерін шөлде қалдырып кеткен оқиғасын естіген. Соның желісімен алғашында сценарий атауы «Гаремді құтқарыңдар» атауымен жазылып, кино алғашында «Шөл», «Басмашылар» атауымен түсірілген.
* * *
1969 жылы қаңтарда киностудия жетекшісі Г.Чухрай түсірілген материалдар сапасыз, қаржы артық шығындалды, жұмыс тоқтатылуы мүмкін деп В.Мотыльге шүйліккен. Тек, Мемлекеттік кино комитеті төрағасының орынбасары Баскаковтың «Өндірісті аяқтауға тура келеді» деген шешімінен соң ғана жоба аман қалған. Осыдан кейін топ таңдауы Байрамали төңірегіне түскен. Сол жылдың көктемі жауынды болып, Қарақұм бетін жасыл шөп жауыпты. Мотыль айналаны тікұшақпен шарласа да қажетті орын таба алмаған. Сонда көмекке әскер жұмылып, жауынгерлер санаулы күндерде шөлдегі бәлен шақырымның шөбін отап берген.

Әңгімелескен

Жанғали ХАСЕНОВ.