Руханият • 29 Сәуір, 2019

Бейбітшілік – береке бастауы

1066 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық Достық үйінде этномәдени бірлестіктер, қоғамдастықтар өкілдері мен жастардың басын қосқан форум Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына арналды. Онда Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Қалқаман Жақыпов сөз алды.

Бейбітшілік – береке бастауы

– 9 маусымда елімізде аса маңызды саяси оқиға болады. Қазақстан тәуелсіздігін ал­ған ширек ғасырдан аса уа­қыттан бері бұл ел та­рихындағы Президент сайлайтын алтыншы сайлау болып отыр. Сол жылдардың барлығында Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың басшы­лығымен ел зор табысқа жет­­ті, дамыды, көркейді. Нұр­­­­­­сұлтан Әбішұлы елдің бір­лігін барлық табыстардың ке­пілі деп білді. 2019 жылдың 19 наурызында ол өкілеттігін аяқтап, билікті Қасым-Жо­март Тоқаевқа тапсырды. Бү­гінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бар­лық тиісті заңдарға сәйкес кезек­тен тыс президенттік сайлауды белгіледі. Ал әрбір қазақстандық осы саяси оқи­ғаның жауапкершілігін бір адамдай түсінуі тиіс, – деді Қалқаман Жақып.

Одан кейін облыстағы корей қоғамдық бірлестігі төр­ағасының орынбасары Ульяна Ким форумға жиналғандарды алдымыздағы сайлауға бір кісідей қатысуға шақырды.

– Еліміздегі кезектен тыс сайлау дамуымызға, өзіміздің азаматтық ұстанымымызды білдіруге серпін береді. Нұр­сұлтан Әбішұлы айтқандай, еліміздің алдында шешімін күткен көптеген мәселе, тапсырма бар. Солардың бар­лығы да халықтың бірлігі бол­май, дұрыс шешімін тап­пайды. Сондықтан жас­тар, сіздер сайлауға па­триот­­­тықпен қатысып, өз таң­­дауларыңызды жасаула­рыңыз керек. Біздің барлы­ғымыздың мемлекет, Отан алдындағы адал парызымыз осы, – деді Ульяна Ким. 
Сонымен қатар этно­мәдени бірлестіктер жас­тар қанатының өкілдері, рес­пуб­ликалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының бел­сенділері, шығармашылық ұжымдар еліміздегі сая­си­ маңызды оқиғаның жа­уап­кершілігін түсініп, ке­зектен тыс президенттік сай­лауға қатысатындықтарын айт­ты және өзгелерді де осыған ша­қырды.

ҚОСТАНАЙ