Көңіл көңілден су ішеді
Сәрсенбі, 9 қаңтар 2013 7:34
Өткен жылдың 19 желтоқсанында Құдайкөл ауылының тұрғыны Нәскей Хавайдың отбасында оқыс оқиға орын алды. Сол түні ауыл шетінде тұратын азаматтың қорасындағы 20 тоннадан артық шөбі отқа оранды.
Нәскей Хавай өткен жылы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысып несие ақшасына 12 бас мал сатып алған болатын. Желтоқсанның 19-нан 20-на қараған түні Нәскеймен көрші тұратын мектеп директоры от жағатын орынды қарау үшін үйінен шығып, кочегаркаға бет алған. Осы кезде көршісінің қорасынан шығып жатқан өртті көріп, дереу елді көмекке шақырады. Ауыл тұрғындары аяқтарынан тік тұрып, өртті сөндіруге бар күштерін салды. Өкінішке қарай, шөп түгелдей өртеніп кетті.

Есесіне қора-қопсы аман сақталып қалды. Көп кешікпей өрт сөндірушілер де келіп жетті. Әйтсе де, Хавайдың шөбі не себепті өртенгені әлі күнге дейін беймәлім. Ол қақ-соқпен жұмысы жоқ, біртоға азамат. Сондықтан әлдекімдер оның қорасына қастықпен от қойды деп айта алмаймын, – дейді ауыл әкімі Ақан Сейілжанов.
Ақан Маратұлының айтуынша, ауыл халқы азаматтың басына түскен қайғыға ортақтасып, ортадан жылу жинаған. 104 отбасы 3 мың теңгеден ақшалай көмек берген. Осы елді мекендегі 3 шаруа қожалығы 6 тонна шөп жеткізіп берді. Ауыл әкімдігі көмек ретінде Павлодардағы арзандатылған жем-шөп дүкенінен 1 тонна мал азығын сатып әперді. Тағы бір жеке кәсіпкер хабарласып, зардап шегушіге жем-шөппен көмектесетінін айтыпты.
Қиын-қыстау кезеңде қол ұшын беріп, сүйеу болған Құдайкөл ауылдық әкімінің аппаратына, тұрғындарға деген ризалығым шексіз. Маған жасаған жақсылықтары Алладан қайтсын! Шынымды айтсам, халықтың қамқорлығының арқасында басыма түскен ауыртпалықты көтеріп кеттім. Елім аман болсын! – дейді қазір Нәскей Хавай тілдескенімізде толқи сөйлеп.
Ауыл әкімі Ақан Маратұлы да, зардап шегуші Нәскей Хавай да малды қыстан аман алып шығатындықтарына сенімді. Лайым солай болғай!
Дария ЕРТАЙҚЫЗЫ.
Екібастұз.